Менің салған суреттерім...

Менің салған суреттерім...
жеке
блог

Мен сурет салғанды өте жақсы көремін. Әсіресе, дудлинг салуды. Ол көзге өте әдемі көрінеді. 

Кішкентайымнан сурет салуға әуестігім бар. Бұрындары үнемі қыздардың суретін салатынмын. Ал қазір әртүрлі креативті сурет саламын. 

Жалпы,сурет салудың көптеген түрлері бар. Құммен сурет салу, ағашқа ойып суреттер салу, 3D суреттер салу, адамның денесіне суреттер салу-қазіргі заманның ең танымалдары. Олардың бірнешеуімен таныстырып өтейін.

Құммен сурет салу– бейнелеу өнерінің ерекше әрі жаңаша бағыты. Бастапқы кезеңде бұл өнер түрі мултьфильмдердің, анимациялық фильмдердің сюжетін жасауда кең қолданылған. Осы өнерді игерем деуші адам үшін ең бастысы – шеберлік. Себебі суретшіден тек әйнек бетіне бейнелерді түсіріп қана қоймай, құмды сезіне білу қабілеті талап етіледі

3D суреттерді тек қағазға ғана емес, көшедегі үй қабырғаларына, асфальтқа да салып жатады. Олар бір қарағанда көзге шын сияқты болып көрінеді. Бұндай суреттерді салу қиынырақ болады. Бірақ, оңайларынан бастап салып үйренсеңіз, нағыз 3D сурет салып кетуіңіз ғажап емес.

Ксилография – ағашқа жасалған гравюра. Бұл гравюра қатты да серпімді ағаш кесіндісіне ойып салынады. Негізінен гравюраға қатты ағаш кесінділері – алмұрт, самшитү құрма пайдаланылады. Гравюрада ақ болып қалуға тиісті жерлер штихель деп аталатын арнаулы қашаумен шұңқырлап ойылады, ал әлгіндей қашау тимеген жерлер қағаз бетінде қап-қара боп бедерленеді. Бейнелейтін сурет ағаш бетінде түгелімен қашалып болғаннан кейін, тақтайға баспахана бояуы жағылады да, үстіне қағаз жапсырылып, арнайы сырғытпа доңғалақпен әрлі-берлі тапталып тегістеледі. 

Енді менің  салған суреттерімді тамашалаңыздар!