Жаз айында не киеміз?!
жеке
блог

Жаз айында не киеміз?!

Қайырлы күн, сүйікті оқырмандарым! Байқау барысындағы мақсатымның бірі сіздермен бірге сән үлгілерін таңдау болатын! Ендеше осы блог сұлу қыздарымызға ұнайтыны сөзсіз. 
Қыздар, жаз айында не киеміз?! 
Сәрсенбінің сәтті  күні! Дәл осы оймен дүкен аралаған болатынмын. Дүкен іші сәнді киімдермен толып тұр. Бірі ыңғайлы болса, ұнамады. Ал кейбіреуі ұнаса ыңғайлы болмады. Бірақ әрбір бутикте ыңғайлы да, сапалы комбенизондарға көзім шалды. Әрі әдемі көрінеді. Джинс сәннен шықпайтын маталар түрі. Сәннен қалмайтын негізгі тренд. Оны қыздарда ұнатады. Сапалы материал болғандықтан трендте де артта қалмауда. Неше түрлі киімдерді таңдасам да, соңы осы комбенизонға түсті. Менде барлық қыздар тәрізді үлкен дүкендерден құр қол шықпадым. Осы блог әрбір қызға ұнайды деген сенімдемін. Әсіресе, сән әлемін ұнататын бикештерге. Сіздер қалай қарайсыздар?! Ал енді, сән әлеміндегі саяхатқа кеттік!
Жұқа матадағы бедерлі , қара, ақ түсті. 2016 жыл бедерлі киімдер сәнде
Сәнді әрі ыңғайлы. Жаз айының негізгі тренді. Әр түрлі киімдермен үйлестірсеңіз болады
Иығы ашық, жеңіл
Қанық түсті, ыңғайлы, дүкендерден таппасаңыз тіктіруіңізге болады
Жұқа маталы,  ыңғайлы, жазғы