Сөмке тоқып үйренейік (байқау)
жеке
блог

Сөмке тоқып үйренейік (байқау)


Сəлем, Массагеттің оқырмандары! Мақсаттарымның тағы бірі орындалып, сіздермен қуанышыммен бөліскелі отырмын. Тоқыма өнері- қазақ халқының байырғы заманнан келе жатқан қолөнер саласының бірі. Сол себепті бұл өнер қазір, кейін де жалғасын тауып, əрбір қазақ қызы осы шеберлікті үйренсе деймін. Жəне өзім жасаған бірнеше бұйымды сіздерге ұсынып отырмын.

Бүгін сіздерге өзім жақында үйренген ілмекпен тоқудың жаңа бір əдісін көрсеткім келіп отыр. Сөмке тоқу үшін өте қолайлы тәсіл. Сол үшін шағын бейнеролик түсірдім. Ішінде бірнеше қате кеткен жерлер бар, айып етпессіздер деп ойлаймын. Және Массагетке сыйлық. Менің мақсаттарымның қатарына кірмесе де кесте тоқып үйрендім! Көп- көп рақмет!!! Массагетке жəне "Кен" тобына!!!