Кітап деген... (Байқау)
жеке
блог

Кітап деген... (Байқау)

Даналық атты патшалықты тіреп тұрған құнды дүние ол кітап. Гауһар сөзді, жауһар дүниелерді жиып терген құндылық. Адамның ұшқыр ойлары мен қиялының, өмірлік тәжірибесінің жемісі. Ол мидан ажырамайтын білім. Кітап – қияли фильм. Ол сенің қиялыңнан алып ғимарат, жеке әлем тұрғызушы. Ол сенің көзқарасыңның дұрыс не бұрыстығын дәлелдеуші. Ол сенің ақылшың. Еш уақытта сені кемсітпейтін ғибратнама. Адамнан білмегеніңді сұрасаң, ол саған "осыны да білмеймісің?" деуі мүмкін. Ал кітап олай айтпайтын жалғыз дүние. Кітапты сен, ал кітап сені оқушы. Жеке әлем боп, дүниемен масайрап отырғаннан гөрі, рухани азық жинап, тер төккен абзал. Ал рухани дүниеңді әрлеуші кітап әлемінде байлыққа қанығып отыруың ғажаптың ғажабы. Менің кітап оқығаннан кейінгі ойыма орала берген, жүректен шыға берген, қолыма қаламды алуға мәжбүр еткен, сіздерге жете берген үзік толғамымды, менің шабытымнан туған жырды, руханиятымды, поэзиямды қабыл алыңыздар. 

              Кітап деген...

Кітап деген, кейбіреудің сырласы мен мұңдасы,

Кейде кітап бола алады әркімнің бір құрдасы.

Кітап деген асыл да, қазына мен құндылық,

Бұл кітаптар, кейбіреудің жырласы мен жолдасы.

 

Кітап деген мүлде өшпейтін ғұламалар ғасыры,

Алтыны да, күні де адамның бір асылы.

Кітап деген тілсіз ұстаз, ғылымның нағыз айнасы,

Кітап деген бір адамның ішке ақтарған жан сыры.

 

Ол туралы ақиқатты оқулықта жырлайды,

Жырды оқыған асқақтайды, бір орында тұрмайды.

Кітап – ақыл қазынасы, құндылықтың сипаты

Кітап барлық адамды да, әлемді де шыңдайды.

 

Кітапты сен құрметтеші, қадірлеші, кірлетпе,

Оқығын сен, ішіндегі бар асылын жүдетпе.

Кітап деген адамның бір келбеті де айнасы

Шынайы шын келбет болса, кітап оқы құрметте.

P.S.: Осы аптамды поэзияға арнауды жөн көрдім. Жүрек тұлғаң нені қаласа соны істейді екенсің иә? "Абайдың жолымен әлі жүріп келе жатырмын. Соңына жетейін десем, сан түрлі бекетке аялдап қалып жүрмін. 2 томын аяқтап, шетке ысырды демессіздер. Оны оқып бітіргеннен кейін сіздермен бөлісетін боламын. Бастысы зымыран жылдамдығындай оқу емес, өгіз аяңдап болса да, түсініп оқу керек деп ойлаймын. Ал ендеше, Алланың амандығында қауышқанша. Аллаға аманатсыздар!