Əр кедергіде бір шешім бар (Байқау)

Əр кедергіде бір шешім бар (Байқау)
жеке
блог

Сəлем, Массагет! Мен бүгін сіздерге өзімнің 2-ші блогымда шахмат ойыннын үйренгенім жайында айтпақпын. Ең алдымен қысқаша тарихына назар салсақ.

Шахмат

Шахмат ойыны – бұл ерте заманнан келе жатқан көп ғасырлық тарихы бар интелектуалдық ойын түрі. Қазіргі таңда көпке танымал үстел ойыны түрлерінің  бірі саналады. Шахмат ойынын ғылым, спорт, өнер түрлеріне жатқызуға болады. Шахмат ойыны бізді өмірде үлкен мынадай тәрбиелік жолдарға үйретеді: тұлға болуға, логикалық ойлауға, алға қойған мақсатымыздың орындалуына, жасап жатқан ісімізді терең жоспарлауға, сонымен қатар шыдамдылық пен зейін қоюды дамытуға. Шахмат ойынын ойнау барысында адами тұлғаның көптеген ерекшеліктері ашыла бастайды, сондықтан да бұл саланы педагогика мен психология ғылымының моделін зерттеу барысында да қолданып жатады.  

Бұл ойын түрінің әр елде өзінің атаулары бар: Англияда – чесс (chess), Испанияда – ахедрес (el axedres), Германияда – шах (Schach), Францияда – эшек (echecs). Шахмат сөзінің мағынасы парсы тілінен алғанда «шах мат» – патша өлді деген мағына береді.

Шахмат

Осы шахмат ойынын үйрену барысында ағай менен "Шахмат ойынын ойнап білесің бе?",- деп сұрады, мен "Жоқ, ойнап білмеймін, тіпті қызыққан емеспін!",- деп жауап бергем, алайда интернет-дүкеннен жүктеп алғаннан кейін шахматқа деген қызығылушылығым артта түсті. Басында түсінбегенімен ойнай келе жақсы түсіндім. Сонымен мен алдымен ережелерімен таныстым. Ереже бойынша Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойының басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.

Шахмат

Солдан оңға қарай ақ тастардан айтатын болсам: a жəне h пунктінде Тура. Горизанталь жəне Вертикаль жолмен тура жүреді. b жəне g пунктіде Ат. Қатарында тұрған кез келген тасттан аттап өтетін жалғыз фигура, жегенде Г əрпі секілді жейді. c жəне f пунктіде Піл. Тек Диагональ бойынша жүреді. d пунктіде Уəзір. Егер тас ақ түсте орналасса онда тек ақ түсте тұруы тиіс, егер қара түсте орналасқан болса қара түсте тұрғаны дұрыс. Уəзір жұлдызша тəрізді 8 бағытта жүре алады. e пунктіде Кароль. Бұл ең маңызды фигура. Егер Карольге мат қойылса, ойыншы сол жерде жеңіледі. Ал екінші қатарында пешкалар тұрады. Бұл өте əлсіз фигура. Егер қарсыластың алаңына жететін болса, кез келген таспен алмастыруға болады. Міне мен сіздерге тарихымен ережелерін таныстырып өттім, енді үйренгенімді көрсетсем.

Мен бұл ойынды гаджетке жүктеп алған болатынмын. Осы ойында Компьютермен ойнаған едім. Ендеше кеттік...

Шахмат

Шахмат ойыны алғаш басталған кезде. Əдеттегідей ақ тас жүреді.

Шахмат

Ойынның бел ортасы болған кез...

Шахмат

Қарсыласқа мат қойылған кез. Жəне де жүру нəтижелері.

Шахмат

Жеңімпаз атанған сəт. Міне мен сіздерге өз үйренгенімді көрсеттім. Алда бұнда да жақсы жетістіктерге жетемін деп сенемін.