О Муза, ғайыптан кел де, мені демеп жібер

О Муза, ғайыптан кел де,  мені демеп жібер
жеке
блог

Не себеп екенін білмеймін, соңғы кезде қаламымды қолыма алуды қойдым. Оны қойшы, тіпті, көп сөйлемейтін, бір мұңды адамға айналып бара жатқандаймын. Адамдармен ашылып сөйлесу, достармен сауық-сайран құру, көңіл көтеру – оның біреуі де менде жоқ. Хакім Абайдың "Ішім өлген, сыртым сау",– деген асыл сөзі менің сөздеріме жанасса керек. 

Шіркін, осындайда жан азабын түсінетін поэзия болсайшы. Сірə, ақиық ақындар өз жанының мұң-жарасын өлеңімен тілдесіп, емдер. Кім білсін... Жаның қиналып, енді бірде самғау шегіне жетіп, енді бірде үмітің сөніп, қайта жана бастағанда, өмірдің сынақтарынан сүрініп-шалынып, сатқын адамдардың опасыздығынан зардап шеккенде не істеріңді білмей дал болады екенсің. Осындайда шабыттанып шырқайтын, ақындардың емі болған құдіреті күшті муза болсайшы. Ал менде өлең шығаратын дəрмен де жоқ. Оған себеп таппақ емен. Жазатыным көп-ақ, қағаз бен қаламды қолыма ала берген сəтте, ой-қиялымның көкке ұшпасы бар ма? Бірақ, мен бұлт артынан жарқырап күн шығатынына сенемін. Мен сенемін. Сұрама, кімге сенемін... Мүмкін, мына жарық айға сенермін... Жо-жоқ... Мен, бұл əлемде ақпейіл адамдардың көп екеніне, армандардың орындалатынына сенемін...