"Пайдалы" салаты (байқау)
жеке
блог

"Пайдалы" салаты (байқау)

Сәлем! Бүгінгі менің блогым аспаздыққа арналмақ. Мен өз өңірімде өсетін көкеністерден салат жасадым. Бұл салат денсаулыққа өте пайдалы. Табиғи көкеністерден жасалғандықтан құрамында дәрумендер көп. Сол себепті "Пайдалы" деп атауды жөн деп көрдім.

Құрамы:
1) қырыққабат
2) сәбіз 
3) қияр 
4) қызанақ
5) тәтті бұрыш
6) пияз
7) тұз 
8) күнбағыс майы

Жасалу жолы 
1) Ең алдымен бәрін жақсылап тазалап жуамыз. 
2) Қырыққабатты жіңішкелеп ұзыншақ қылып тураймыз. Және оны ыдысқа салып үстіне тұз себіп 20-30 минутқа бетін жауып қоямыз. Қалған көкеністерді де дәл солай тураймыз. 
3) Сәбіз 
4) Қияр 
5) Қызанақ
6) Тәтті бұрыш 
7) Пияз
8) Бәрін бір ыдысқа салып, күнбағыс майын отқа қыздырып ыдысқа салынған көкеністердің үстіне құямыз. Жақсылап араластырамыз. Қалауыңыз бойынша тұз, басқа дәмдеуіштер себуіңізге болады.
9) Міне, дайын!
Астарыңыз дәмді болсын!
Рақмет!