Мақсаттың алғаш сатысы.(байқау)

Мақсаттың алғаш сатысы.(байқау)
жеке
блог

Маған жетекші ағайым, Ернар Алмабеков мақсатқа жетер жолдағы алғашқы қиындық, алғашқы сынақ, алғашқы қадам ретінде саналатын алғашқы тапсырманы берген болатын. Мен оны лезде орындадым, себебі мақсатқа жетуге деген құштарлығым көп уақыт күте алмады.

Маған ағай фотошоппен алғаш қалай танысқаның жайлы есіңе түсіріп, ой өрбі деген болатын. Есіме түсірсем, шамамен 2 жыл бұрын Фотошоп саласының шекарасына ендім десем болады. Ол кезде мен футбол құрамаларының жейделеріне әртүрлі адам есімдерін жазып жүрген болатынмын. Осылай фотошопқа деген қызығушылық сезімім оянған.

Содан кейін YouTube сайтынан фотошопқа арналған таптырмас бағдарлама-Adobe Photoshopқа көзім түсті. Бүгінгі күнге дейін аздап танысып жұмыс істеп келемін. Толық емес әрине, шет жағасын ғана. Осы байқау арқасында жетістікке жетіп, толық меңгеремін деген сенімдемін. Және маған осы бағдарламаны жүктеп ал деген болатын, бірақ мен бұны 3 ай бұрын жүзеге асырып қойғанмын.