"Қызыл жақұт" салаты (байқау)

"Қызыл жақұт" салаты (байқау)
жеке
блог

Қайырлы кеш, Массагеттік оқырмандар! Байқаудың алғашқы тапсырмасын алып, жүрегім лүпілдеп, тартыншақтап іске кірістім. "Көз- қорқақ, қол-батыр" демекші, басында қиын боп көрінгенімен, барымды салып, тапсырманы толық орындадым деп үміттенемін. Берілген тапсырма: бақшада өскен көкөністерді қосып салат жасау. Біздің үйдің бақшасы өте үлкен болмаса да, анам мен әкем жыл сайын жасыл желекке орап, көкөніс пен жемістің неше түрлісін егеді. Сол себепті жасағалы отырған салаттың құрамын іздеп те, қалай безендіремін деп те көп қиналған жоқпын. Ал, енді "Қызыл жақұт" деп атау берген салатымның жасалу жолымен бөліскім келеді.

Құрамы:

- қызанақ

- сәбіз

- краб таяқшалары

- пияз

- сарымсақ

- жуа

- аскөк

- майонез

- тұз, бұрыш, паприка

- қияр (сәндік үшін)

Алдымен керекті заттарды дайындап аламыз.

Қызанақтың төбесін ашып, ішіндегі жұмсағын бөлек аламыз. 

Сәбізді үккіштен өткізіп, қалған құрамды ұсақтап тураймыз.

Үстіне тұз, бұрыш, паприка себеміз де араластырамыз.

Дайын болған құрамды қызанақтың ішіне саламыз.

Әрі қарай қиярмен, аскөкпен немесе өз фантазияңызға қарай әсемдесеңіз болады.

Астарыңыз дәмді болсын!