Алтын ұя – мектебім

Алтын ұя – мектебім
жеке
блог

Мектеп деген жақсы ғой,

Білім алған балаға,

Мектеп деген күшті ғой,

Оқу білген балаға!

Қайырлы күн, аға-әпкелерім, құрметті оқырмандарым! Мен Есіл ауданында №3 орта мектептің 1-сыныбын аяқтадым. Балабақшадан кейін дайындық сыныбына бармай, бірден 1-сыныпты оқыған өте қызық.

Менің мектебім өте әдемі. Үш қабатты мектептің бірінші қабатында спорт зал, асхана, технология және еңбек кабинеті, 1-4 сыныптарға арналған кабинеттер орналасқан. Мен осы бірінші қабатта оқимын. Спорт зал өте үлкен. Ішіне бір уақытта 3-4 сынып сиып кетсе де жалғыз сыныптан сабақ өтеді. Сонымен қатар көп байқаулар дәл осында өтеді.

Екінші қабатта біздің ең сүйікті кітапхана орналасқан. Ішінен көптеген кітаптар, журналдар алып оқимыз. Мұнда математика, биология, физика, география сияқты көптеген пәндердің сыныптары орналасқан. Біз өскенде екінші қабаттарда оқитын боламыз.

Үшінші қабатта да кабинеттер толы. Мен осы мектепті үздік бітіргеніме қуанамын!