Ыстық болып тұрғандықтан, жазамын ғой
жеке
блог

Ыстық болып тұрғандықтан, жазамын ғой

Туған жерім тамсанамын өзіңе, 

Әрбір жанды баурап алар сезімге, 

Саған деген махаббатым ыстық қой, 

Өшпейтұғын ешқашанда ешкімде. 

Ардагерлерді ардақтау біздің парыз

Сәлем, достар! Міне, бір аптамыз да көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Сіздермен бірге болған әрбір күнім қызыққа толы десем де болады. Енді бүгінгі жазбаны  туған жеріме арнасам ба деймін.

Туған жердей жер болмас, 

Туған елдей ел болмас,– деп ата-бабаларымыз айтатындай, шынымен де туған өлкеңе ештеңе жетпейді. Мен жері шұрайлы, елі тыныш, халқы ұйымшыл тәуелсіз Қазақстанда кіндік қаны тамған жанмын. Өз туған еліммен мақтанамын.

Ерке Есілдің бастауы болған Ақмола облысы, Есіл ауданының тумасымын. Бүгінде Есіл білікті де,  білімді мамандардың, алға ұмтылған, қанаттанған жастардың, елі үшін еңбек сіңірген ардагерлердің қаласы. 

Жұмыстары қызу жүретін-зауыт, фабрикалар (көне сурет)

1955 жылы құрылған Есіл  Ақмола облысының батысында орналасқан әкімшілік аудан. Жер аумағы шамамен 7,8 мың км². Әкімшілік орталығы — Есіл қаласы. Аудан Есіл өзенінің екі жағын алып жатқан дала белдемінде орналасқан. Менің туған өлкемнің аумағында құрылыстық материалдар (тас, құм, керамзит, саз, т.б.), кен орындары кездеседі. Климаты  континенттік: қысы суық, қары аз, жазы ыстық әрі құрғақ. 

Әсемдігі де көз тартады десем болады. Көгалдандыру шарасы таяуда ғана басталды.  Солтүстіке орналасқандықтан мал шаруашылығы, бидай шаруашылығы жақсы дамыған. Біздің ауданда мешіттер, сауда орталықтары, ғимараттар, ескерткіштер мен монументтер көп. Мектептер мен білім ордалары да аз емес. Апта сайын көптеген қызықты іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Жастарды алға қарай ұмтылдыратын  Жастар ресурстық орталығы, Нұр Отан партиясы, Жас Отан партиясы, бірнеше аудандық ұйымдар жұмыс жасауда. Мен өз туған өлкеммен мақтанамын! Аз да болсын өз өлкемнің суреттерін сіздерге ұсынсам ба деймін!