Бүгін қолыннан келгенін жаса, ертең одан да көбірек... (байқау)
жеке
блог

Бүгін қолыннан келгенін жаса, ертең одан да көбірек... (байқау)

Армысыздар Массагеттік оқырмандар! Бүгін бізде қонақта ерекше қыздардан құралған "Кен" тобының мүшесі Әсел Аққалиева бізбен өзінің мақсатына жету үшін қандай іс-әрекеттер жасағандығы жөнінде айтып бермек.Ол осы апта бойында математика пәнінен ОЖСБ сынағына дайындалып мақсатыңа бір табан жақындағысы келеді.Бұл жөнінде Әселдің өзінен сұрап көрейікші.

— Әсел мақсатқа жету қалай екен. Қандай сезімдесің? Сен үшін мақсатқа жету деген не?

Әрине мақсатқа жету деген жақсыМақсатқа жету — деген ауызбен айтып бере алмас сезім. Мен алғаш мақсатыма жету жолында алғашқы қадамымды жасадым. Мен ОЖСБ сынағына осы аптада математика пәнінен дайындалдым. Нәтиже мені қуантуда.

— Математика пәнінен ОЖСБ сынағына дайындалуды ең бірінші неден бастадыңыз?

Мен мақсатыма жету үшін алдымен қажетті құралдар (сызғыш,қарындаш,циркуль,шимай қағаз,қалам т.б) мен сұрақ кітапшаларынан бастадым..

— Кейбір адамдар айтып жатады. «Есеп шығару үшін маған бір қызығушылық қажет,ойымды жинақтауым керек» деп, ал сізде осындай жайт болдыма мақсатыңызға жету жолында.

Әрине менде де сондай болды. Алайда мен өзіме «қалайда мақсатыма жетемін» деп серт бердім. Мен сертімде тұрдым.

— Есептер шығару жолында қиындықтар кездесті ме?

Кездескен жоқ деп айта алмаймын.Әрине кездесті. Сұрақ кітапшаларының ішінде мен білмейтін де білетін есептер кездесті. Білмеген есебімді қалай шығару керектігін апамнан сұрап алдым. Апама алғысымды білдіремін.

— Ойынызды есеп шығару жолында жинақтай алдыңыз ба? Ойынызды жинақтау үшін әлдебір шаралар жасадыңыз ба?

Ойымды жинақтау барысында мен шоколадтар жедім. Әрине күлкілі шығар. Бірақ ғалымдарымыз шоколад адам ойын жинақтайды деп тұжырымдар жасаған. Сондықтан мен осы әдісті қолдандым.

Сіз жаңа нәтижем мені қуантуда дедіңіз. Нәтиже қалай болды? Қателескен кездеріңіз болды ма?

Мен шығаратын есептерді мазмұнына қарай А,В,С деп үш кезеңге бөліп алдым. Мақсатқа жетудің бірінші А күнінде 25 сұрақтың үшеуіне қате жауап беріппін, екінші В күнінде 25 сұрақтың екеуіне қате жауап берген екенмін. Ал үшінші С күнінде төрт қате жіберіппін. Маған бастамам ұнады.

.

— Ұмытып қалған есептерді не ережелерді есте сақтап қалу жолында қандай шара қолдандыңыз?

Қателіктерді қайталамау үшін есте сақтау керек деп өзіме қойың дәптер арнадым. Нәтиже парағына да жазамын.

.

.

— Сіз ОЖСБ сынағына математика пәнінен толықтай дайынсыз ба?

Толықтай дайынмын деп айта алмаймын. Әлі де жетілдіруім қажет.

— Алдағы уақытта қай пәннен ОЖСБ сынағына дайындаласыз?

Алдағы уақытта қазақ тілінен дайындалмақ ойым бар. Құрмалас сөйлемдерді аздап шатастырып аламын. Сол қателігімді жойғым келеді.

— Құрметті Әсел Аққалиева бізбен бірге ОЖСБ сынағына дайындығыңыз бен қандай іс-әрекеттер орындап жатқаныңыз туралы ой бөліскеніңіз үшін көп рахмет!

Сізге де менің мақсатыма жету жолындағы дайындығымды білу үшін қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

—Құрметті массагеттіктер бүгін Әсел Аққалиева бізге ОЖСБ сынағына математика пәнінен дайындығы жөнінде айтып берді. Тек сол мақсаттырыңға жете бер Әсел!