Ондай болмақ қайда деп,айтпа ғылым сүйсеңіз!

Ондай болмақ қайда деп,айтпа ғылым сүйсеңіз!
жеке
блог

  Армысыздар,Массагеттіктер!

  Бүгін мен сіздермен өзімнің алға қойған мақсаттарыммен бөліспекпін.Біз кішкентай мақсаттарды жүзеге асыру арқылы дамып,жетіліп,әлемнің ұлы қақпаларын аша аламыз.

Мен “Мақсатыңа Массагетпен бірге жет ” атты байқауында,жазғы демалысқа арнап, алдыма мынадай мақсаттар қойдым :

1.Дәмді тағам түрлерін дайындап үйрену,яғни ас үй ханшайымы бола білу.

2.Ағылшын тілін жетік меңгеру.

3.Көркем жазушылардың әдеби кітаптарын,шығармаларын оқу.

4.Қолөнер,қолданысқа керек заттарды жай заттардың қөмегімен жасап үйрену.                  

5.Қазақстан Тарихы пәнінен ОЖСБ-ға дайындық.

6.Француз тілінің бастамасы.

7.Ауылымды фотосуретке түсіру.

Мен осындай мақсаттарға жету арқылы өмірдің сан-алуан белестерін бағындыра аламын.         Алла бұйыртса, «Кен» тобымен бірге, Массагетпен бірге мен де көптеген жетістіктерге жетермін!