Махаббат – ақымақ үшін ақыл тоқтатуға керемет мүмкіндік. Оноре де Бальзак

Махаббат – ақымақ үшін ақыл тоқтатуға керемет мүмкіндік. Оноре де Бальзак
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме, "Массагеттіктер"!

Мен сіздерге өзімнің алғашқы махаббатым жайлы айтып кеткім келіп отыр.

Қыркүйек айының 22-ші жұлдызы. Мен 10 сынып оқитын кез. Біздің сыныпта жаңадан өзгерістер ене бастады. Бұл барлық оқушыға әсер еткендей мені де бей-жай қалдырмады. Осы күннен бастап менің алғашқы махаббатым ояна бастады.

Ақ парта. Екеуміз бір-бірімізге үнсіз қарап отырмыз. Әдеттегідей жай ғана ұнату немесе жай ғана сезім болуы мүмкін емес еді. Оның маған деген көзқарасынан: "егер сен маған қаншалықты уақытың мен сезіміңді, сеніміңді арнасаң, мен сені қадірлеймін" деген бейне тұрды. Екеуміз осылай ұзақ отырдық. Себебі бұл сабақтан тыс оқу кезінде еді. Оның бейнесі менің жүрегімде мәңгі сақталып қалады. Ғашық адамдар мені жақсы түсінеді деп ойлаймын! Ол тек маған ғана көп назарын салсын деп тұрады емес пе жүректер. Сезім мен сеніміңнен гөрі үрейің басымырақ болатыны да сөзсіз ғой. Мен де сол сезімді басымнан өткердім. Оған қарап отырған сәтімде ол мені қаншалықты бағалар екен деген сауал ойымды шыр айналдырып әкетті. Сенімімді артып, онымен мәңгі бірге боламын деген серт бердім өзіме.

Қыркүйек айының 23-ші жұлдызы. Бір шоқ гүл. Қыз баласына осыдан артық не керек деп ойлайсыз? Әр түрлі гүлдер: жасыл, қызыл, сары, қара, ақ. Көрген жанның қуанышы емес пе тегі. Үйге барып гүлдерімді санауға кірістім. 57 гүл. Алғаш таныстық, алғашқы үрей мен сезімім 57 тал гүл болды. Бұл менің оған деген сезімімнің бастамасы еді. 14 тал ақ гүл, 2 тал қара гүл, 13 тал жасыл мен сары гүл, 9 тал қызыл гүл. 

Әрине бұл менің бір жанға емес, сабаққа деген махаббатым еді. Ал 57 тал гүл менің 10 сыныптағы алғашқы нәтижем. Біздің сыныпта 4 "Алтын белгі" иегерлері бар. Бірақ осы байқау сынағына тек 3 "Алтын белгі" ғана қатысты. Менің бір байқағаным, бұл нәтижем маған 3-ші орын әперіп тұр екен. Күлкілі иә? Бірақ мен алдыма үлкен мақсат қойдым. Сабаққа қаншалықты уақытым мен зейінімді қоя кіріссем, еңбегімнің еш болмайтынын түсіндім де, тынбай дайындала бердім. "Мықты болсаң, алдағыны басып оз, мықты болсаң, арттағыны жеткізбе" деген сөз ардайым санамда жатталды және мен солай жасадым да.

Мен дайындығымның барысын да сіздерге ұсынғым келіп отыр.

Сонымен қатар өз нәтижелерімнің қалай өскені мен құлдырағанын мына суреттен көре аласыздар