«Мақсатыңа Массагетпен бірге жет» байқауының қатысушылары назарына!

«Мақсатыңа Массагетпен бірге жет» байқауының қатысушылары назарына!
жеке
блог

Биылғы байқау былтырғы байқауға қарағанда өзгеше болмақ. Былтырғы қатысушылар алдарына қойған мақсаттарына орай өз беттерімен дайындалған болатын.

Бұл жолы қатысушыларға мақсаттарына байланысты топ жетекшілері тарапынан әр апта сайын екі тапсырма беріліп отырады.

Тапсырма оңайдан күрделіге қарай жүйесімен беріледі.

Екі тапсырма алған соң, қатысушылар бір-бірден орындай бастайды.

Ал ардагер топ "Жас қазақ" тобына тапсырманы редакция тарапына беріледі.

Бірінші тапсырманы орындап, дүйсенбі күні сағат 00:00-ден сәрсенбі күні 24:00-ге дейін блог ретінде жариялап үлгеруі тиіс. Ал екінші орындаған тапсырманы бейсенбі күні сағат 00:00-ден сенбі күні 24:00-ге дейін жариялайды. Бұл ұпай есептеуге де ыңғайлы болмақ. Сәттілік!