Мақсатыңа массагетпен бірге жет (БАЙҚАУ)
жеке
блог

Мақсатыңа массагетпен бірге жет (БАЙҚАУ)

Сәлем, Массагет және оқырмандар! Менің аты-жөнім: Анжела Жаракулова Ергенқызы. Мен Қостанай облысы Рудный қаласынанмын. Қаладағы №13 Орта мектебінде оқимын. Мен көп уақытымды компьютерде отырып өткіземін. Компьютерге бір отырсам шыққым келмейді. Осы 3 ай демалысты қызықты етіп өткізу үшін «Мақсатыңа массагетпен бірге жет» байқауына қатыстым. Бұл байқаудан жеңемін деген ойдамын. Мен бесінші сыныпты бітіріп, алтыншы сыныпқа көштім. Сабағым жақсы, 4 пен 5. Өзім Қазақстан Тарихын қатты ұнатамын, себебі тарихта осы және бұрынғы ғасырлар туралы жазылған. Жалпы Қазақстан туралы көп біліп үйренесің. 

Хоббиім музыка тыңдау. Мен музыка тыңдап, әншімен бірге қосылып ән айтқанды қатта ұнатамын. Маған көбнесе Корей елінің әуендері және үнді елінің әуендері жақын. 

Осы байқаудан түрлі суреттерге фотошоп жасауды үйренгім келеді, әрі керемет видеолар өңдеп, бір фильмге немесе сериялға қатысты видео жасап үйренгім келеді. Осылардың бәрін үйренемін деген үміттемін. 

Болашақтағы мамандығым актриса, модель. Менің де бір сериялға түсіп, өз өнерімді сынағым келеді. Әрі суретке түскенді де жақсы көремін. Модель болсам журналдардың бетінде, актриса болсам теледидардан көрсетеді. Маған екеуі де ұнайды. 

Ұнататын актрисам Ким Со Хён. Әрине ол Корей елінен. Алайда мен оның түскен дорамаларын сүйсіне қараймын. Себебі түскен дорамалары өте қызықты және адамның көңілінен тез шығады. Мен бұл актрисаны өз көзіммен қатты көргім келеді. 

Өскенде жалғыз актриса емес, Продюсер де болғым келеді. Осы қазақ еліне арнап үздік хикая шығарсам деймін. Астана, Алматы қаласына барып өз өнерімді көрсетсем екен. Алла қаласа оған да жетермін! 

Жалпы менің әлі орындалмаған армандарым өте көп. Сол армандағаным шынымен болса екен деймін. Ал қазіргі мақсатым 3 ай демалысты жақсы өткізу. Бұл демалысты құр жіберіп алғым келмейді. Сол үшін де «Мақсатыңа массагетпен бірге жет» атты байқаудан жеңіп шықсам деймін. 
"Сәйгүлік" тобы, тек қана алға!