Осы сәтпен өмір сүр!
жеке
блог

Осы сәтпен өмір сүр!

Менің есімім - Үкілай Алмас. Алматы қаласында 2002 жылы ақпанның 8-і күні туылдым. Анамның есімі- Нүрия Бодай, әкем- Алмас Ахмет. Мен Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектепте оқимын. 8-ші сыныпты да үздік бітіріп, 9-ға көшкелі отырмын . 

Менің өмірдегі ұстанымым - осы сәтпен өмір сүр. Көптеген адамдар өткен өмірлерін жиі есіне түсіреді. Олар күні бойына бұрынғы істеген істерімен мақтануға дайын. Ал кейбіреулері өткен өміріне өкініп те жатады. Бірақ, мойындау керек, өткен өмір өтті кетті, оны қайтарып ала алмайсыз. Сондықтан, өткенмен өмір сүру сізге тек зиянын тигізеді және қабілетіңіздің бәсеңдеуіне әкеп соғады. Егер құнды уақыттарыңызды жоғалтқыңыз келмесе жәй ғана өткенді саралап, осы шақта өмір сүріп, болашақ жайлы да жоспар құру керек.

Мен болашақта актриса болуды армандаймын. Кинодағы актерлар мен актрисалардың ойнап жатқан рөліне қарап қатты қызығамын.  Кейін солар сияқты киноға түскім келеді. Ал менің еліктейтін тұлғам - актриса Анджелина Джоли. Өзі - актриса, фотомодель, режжисер және сценарист. Өзіне берілген рөлдерді асқан шеберлікпен, рөлге кіріп тамаша ойнап шығады. Әрі жақсы әсер аласыз. Сондықтан осы кісіге еліктеймін, сол сияқты талантты актриса болғым келеді.

Менің хоббиім көп. Негізгілері: сурет салу, ән айту, билеу.

Мен бос уақытымда караокемен ән айтамын, түрлі билерді үйренемін, күнделік жазамын. Ал кейде түрлі суреттерге түсіп, қызықты видеолар түсіремін. Арасында кітап оқимын. Және компютерлік ойындарды ойнағанды ұнатамын. Көбінесе ағылшынша музыка тыңдап, сөздерін жаттаймын.

 

Мен демалысымды тек пайдалы істермен өткізгім келеді. Сондықтан осы байқауға қатысайын деп шештім. Өте қызық болатынына сенімдімін.

Мен Массагеттің тұрақты оқырмандарының бірімін. Массагет сайтын оқып жүргеніме 2 жарым жылдай болды. Оның жазбалары қызықты болғандықтан, Массагет сайтына күн сайын кіріп тұрамын. Алдағы уақытта да ән-би байқауларын ұйымдастырып тұрасыздар деген зор үміттемін.

Мен осы байқаудың ұйымдастырылып отырғанына өте қуаныштымын. Бұл- балаларды ұйымшылдыққа баулиды, тіл байлығының дамуына көмектеседі, мақсатқа жете білу жолдарын үйретеді. Осындай байқаулар көбейе берсін!