Мақсат — айқын міндет (Байқау)
жеке
блог

Мақсат — айқын міндет (Байқау)

"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауының қатысушыларына, осы массагет сайтының оқырмандарына жалынды сəлем! Мен байқауға орай дайындаған жоспарларымды таныстырып өтсем.

Мақсаты:

1. Футбол ойнап үйрену.

2. Велосипед айдап біраз шақырымды артқа тастау.

3. Жаттығу жасау, көтеріліп тұру жаттығуы.

4. Ағылшын тілін үйрену.

5. Шахмат ойынын меңгеру.

СаябақтаФутбол ойнап үйрену: Күнделікті оқудан келгенде үнемі достарым футбол ойнауға шақыратын. Сол кезде барлығымыз бір команда құрып футбол ойнайтынбыз. Бірақ мен футбол ойнай алмаймын, аз да болса барымды салып командамның жеңілмеуіне атсалысатынмын. Сондықтан да футбол ойнауды үйренгім келеді.

ВелосипедВелосипедпен рекорд орнату: Аптасына 1-2 рет кешке велосипед тебетінмін. Кейде уақыт болмай жатады. Бірақта осы Массагет порталы арқылы мақсатыма жетсем деймін. Велосипед айдап, рекорд жаңарту ойда бар.

ОтжиманиеЖаттығу жасау: Таңертен тұрған бойда үнемі жаттығу жасауды ұмытпаймын. Соның ішінде ең ұнайтыны көтеріліп тұру жаттығуы еді. Негізі рекорд 20-ға дейін жасай аламын. Алдағы уақытта 30-ға дейін жеткізу.

АғылшынАғылшын тілін меңгеру. Ағылшын тілін меңгерсем деймін. Əлемде ең көп тараған осы ағылшын тілі екенін ескерсек, мен үшін ең керекті тілдердің бірі. Сондықтан да осы Ағылшын тілін үйренгім келеді.

ШахматШахмат ойыны. Кішкентай кезімде дойбы ойынын жақсы көретінмін, сонымен қатар шахмат ойынында. Бірақта шахмат ойынын дұрыс үйрене алмадым. Шахмат бір жағынан миға сергек береді емес пе? Шахмат ойынын осы жазда толықтай үйреніп мақсатыма жетсем деймін.

Негізгі мен мақсатқа жетуге талпыныс жасауға тырысам. Əр мақсатқа мынандай талап қоям:
1. Өзімді берілмеуге, ешқашан мойымауға тәрбиелеу.
2. Мақсатыма ден қойып, сол мақсатқа жету.
3. Əрқашанда тек ілгері алға жүруге талпыну.

"Мақсатыңа массагетпен бірге жет" байқауы 2-ші рет ұйымдастырып жатқанына қуаныштымын. Мен өз мақсатымды сəтті орындасам деймін. Негізі жекелей жеңіске қарағанда, топтық жеңіс басымдырақ болатыны сөзсіз. Топтық жеңістің маңыздысы тікелей біздің жеткешімізге байланысты. Мені топқа қосу үшін өзі қоңырау шалып, осы байқауға қатыстырған Ернар Алмабек ағама рахметімді айтамын. Мен осы топқа кейдейсоқ келдім десем артық айтқандық емес шығар. Не дегенмен топтағы ең үлкені екенмін. Байқаудан тек командалық жарысты көрсем деймін. Өзімнің тобыма жеңіс! Ал қарсылас топтарға тек сəттілік тілеймін! "Сəйгүлік" тобы алға!