Өзге емес, өзім айтам өз жайымда…

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда…
жеке
блог

Армысыздар Қазақ елі! Мен Мәлік Зарина Қамбарқызы 1999 жылдың қыркүйек айының 7 жұлдызында дүниеге келдім. Өмір маған көп нәрсе сыйлады. Соның ең маңыздысы менің осы отбасыма, осы халықтың арасына, ең маңыздысы жүрегі "ҚАЗАҚ" деп соғатын игі жандар тоғысқан өмірге қадам бастыруы еді. Бұл менің өмірімдегі сөзбен айтып жеткізе алмас байлығым! Біз осындай керемет мемлекетте тұрғандықтан, біз міндетті түрде осыған лайық өмір сүруіміз шарт. Абай атамыздың мына керемет сөзі есіме түсіп отыр: "Ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз".Менің де жас өмірге ғалым болуым үшін мына сөздің орны ерекше әрі бұл сөз менің басты ұстанымым: "Мықты болсаң алдағыны басып оз, мықты болсаң арттағыны жеткізбе". Мен осы сөз арқылы қанаттанамын. Біздің ұстазымыз жиі айтушы еді: "Арманға қанат бітсе, қияға жетелейді",-деп. Сол үшін әрдайым армандаудан шаршамаймын! Сіздер де шаршамаңыздар! 

Өмірде адамның тұлға болып қалыптасуы үшін оған міндетті түрде адамдардың ықпалы керек. Әрбір адам ең алғаш өзінің әкесі мен анасына еліктейтіні сөзсіз. Қыздар "Мен анам секілді сұлу боламын" десе, ұлдар "Мен әкем секілді мықты боламын",- деп өмір сүреді. Ал шынайы өмірді көре бастаған сәттен ол өзінің үлгі алып жүрген жандарының да үлгі алатын тұлғасы барын біледі. Менде сол жандардың бірімін. Менің қазіргі кезде үлгі тұтанын басты тұлғаларым: америкалық жазушы Джек Лондон мен Брюс ли! Бұл кісілер маған несімен қызықты? Маған Джек Лондонның шыншылдығы өте қатты ұнады. Ол кісіден оқырмандарының біреуі "Сіз кітапты қай мақсатта жазасыз?"-деп сұраған екен. Ал Джек Лондонның жауабы "ақша үшін жазамын" десе, әлгі кісі: "Қалайша ақша үшін жазатындардың шығармаларының көбісі қызықсыз болып келеді. Ал сіздікі керісінше",-деп таңданысын жасырмапты. Оған жәй ғана Джектің күліп қайтарған жауабы "себебі менің бірінші кітабім қызықсыз болса, екінші кітабімды ешкім алмайды ғой",-деп менің қызығушылығымды тудырды. Ал Брюс Ли ол менен бөлек әкемнің де үлгі тұтар азаматы. Ол кісі өзінің дегеніне жетпей қоймайтын қайсарлығымен және ең бастысы 4 сағат қана ұйықтап, ісіне қайта кірісетін сәттері маған өнеге.

Менің хоббиларым өте көп: мен кітап оқығанды жақсы көремін! Бірақ осы күнге дейін 20 ғана кітап оқығаным сондай өкінішті. Мен сонымен қатар сурет салғанды, ас әзірлегенді, шоппинг жасауды, шаш өруді, өлең шығаруды және монолог оқығанды ұнатамын! 

Менің байқауға қатысқандағы мақсатым: адам көре жүріп шыңдалатыны секілді, осы байқау арқылы өзімнің неге қабілетті екенімді біліп, мүмкіндіктерімді шыңдай түсу. 

Байқау менің пікірім бойыншы өте керемет ұйымдастырылған. Әр оқушының дарынын аша біледі деп ойлаймын. Алдағы уақытта мен "Массагет" ұжымының "Жас қаламгерлер" сайысын өткізсе деген ұсынысым бар! 

Сіздер тек жұмыстарыңыздың жемісін көре беріңіздер! Құрметті "Массагет" шаңырағы!