"Бақыттымын өзіңмен!" (Байқау)
жеке
блог

"Бақыттымын өзіңмен!" (Байқау)

Менің алғашқы мәзірім фольгада пісірілген алма! Таңғы асқа пісірілген жеміс-жидек өте пайдалы. Сондықтан сіздерге осы дәмді тағамды ұсынбақпын! 

Құрамы:
4 орташа алма
Сүзбе
Жаңғақтар (кез келген жаңғақтарды қосуымызға болады)
1. Алдымен алманы жуып аламыз, оны қабығымен бірге пісіретіндіктен, қабығын ашудың қажеті жоқ.
2. Алманың төбесін кесіп аламыз да, оның ішін аздап шай қасығымен босатамыз.
3. Содан соң әрбір алманың ішіне 1шай қасық сүзбеден салып шығамыз.
4. Таңдап алған жаңғағымызды аздап ұсақтап, сүзбенің бетіне 2 шай қасықтан салып шығамыз.
5. Алманы фольгаға ораймыз ( ашық жер қалмауы тиіс).
6. Дайын фольганы 180 градустағы пешке 7-10 минут пісіріп аламыз. Пештен шығарып, үш минуттай суытамыз да, дастарxанға ұсынамыз!

Пісірілген алма!!!

Пісірілген алма!!!

Екінші ұсынарым- жеміс жидек салаты. Балғын жемістерден жасалған салат дәмді ғана емес әдемі де болуы тиіс.
Құрамы:
1. 1 дана алма

2. 1 дана Банан

3. 2 апельсин

4.200 г йогурт
1) Алдымен салатымызды салатын ыдыс ретінде апельсиеді ортасынан бөліп, ішін тазартамыз.
2) Апельсиннің шетін өткір пышақтың немесе ас үйге арналған қайшының көмегімен әсемдейміз.
3) Ыдысымыз дайын болған соң, апелсиннің ішін сүйегінен тазартып, шаршы етіп тураймыз.
4) Бананды да шаршы пішіндес етіп тураймыз
5) Алма тез қарайып кететіндіктен оны соңғы тураймыз.
6) Дайын жемістің бетіне йогурт құйып, араластырамыз.
7) Дайын болған салатымызды апельсиннен жасалған ыдысқа саламыз!
Жеміс-жидек салатымыз дайын!

Үшінші ұсынарым - алмадан жасалған бәліш
Құрамы:
1. Маргарин - 200 г
2. Қант - 1 стақан
3. Ұн - 2 стақан
4. Алма - 2 дана
1)Бірінші, маргаринді ерітіп, қантпен араластырамыз
2)Екінші, бетіне ұн қосып, жұмсақ етіп қамыр илейміз.
3)Үшінші, қамырды бәлішке арналған қалыпқа саламыз
4)Содан соң алманы жуып төртке бөлеміз де жұқалап тураймыз
5)Қамырдың бетіне алмадан раушан гүлін жасаймыз
6)Дайын бәлішімізді 180 градустағы пешке 30 минут пісіреміз.

Алма бәліші дайын, ыстық күйінде дастарxанға ұсынамыз!