Скарлет ханшайым мен сиқырлы тәж (тапсырма)
жеке
блог

Скарлет ханшайым мен сиқырлы тәж (тапсырма)

Балалар, мен өздеріңе Скарлет ханшайым мен оның сиқырлы алтын тәжі туралы ертегі айтып берейін.

Скарлет ханшайым деген өте сұлу қыз болыпты. Ол алыс бір жақтағы өзінің Гүлдер деген патшалығында өмір сүріпті. Оның шаштары алтын сияқты жылтырайды. Оның көздері теңіздей көк. Оның беті қар секілді әппақ. Оның гауһар тастан жасалған алтын тәжі болыпты. Ол алтын тәж сиқырлы екен. Скарлет ханшайым алтын тәжін басына киіп жүреді. Алтын тәждің сиқырын түсіндірсем ол былай болыпты. Гүлдер Кингдомында бұл алтын тәжді кімнің жасағанын ешкім білмей ұмытып қалған екен. Оны Скарлет ханшайымның әжесінің, әжесінің, әжесінің, әжесінің әжесі киіп жүрген екен бұрынғы өткен замандарда. Оның сиқыры  тек бір ретке жарайды және сиқыр орындалған соң алтын тәж жарқыраған сәулеге айналып мүлдем жоқ боп кетеді екен. Сондықтан бұл кингдомда алтын тәждің сиқырын ешқашан пайдаланбай оны тек ханшайымдар басына киіп сақтаған. Олар бұл сиқырды Кингдомға жаулар келсе қолданбақ екен. Бірақ ол кингдомда ешқашан соғыс болмаған тек бейбітшілік болып, патшалық гүлдермен қоршаулы тұрған екен.

Бір күні Скарлет ханшайым қаланың ортасына келеді. Көп адаммен кездесіп, билеп, өлең айтып көңілді болады. Скарлет ханшайым өте жақсы билей алады. Сонда көп адамның барлығы билегенде патшалықтағы шаштараздың бес жасар ұлы билемей оларға қызығып қарап отырған еді. Скарлет ханшайым одан  сұрайды.

-         Сен неге билемейсің? Гүлдер кингдомында бәрі билейді. Саған билеген ұнамай ма? дейді ұлға.

-         Аса ұлы мәртебелі менің ханшайымым, мен биді ұнатамын. – дейді ұл.

-         Онда екеуміз билейікші!-дейді Скарлет ханшайым.

-         Аса ұлы мәртебелі ханшайымым, мен ешқашан билей алмаймын деп айтып ұл жылайды.

-         Мұның себебі менің аяқтарым жоқ. Мен туылғанда аяқтарым жоқ болыпты. Мен ешқашан жүріп және билей алмаймын! деп жылапты ұл.

-         Оу! Мен кешірім сұраймын!-дейді Скарлет ханшайым.  Сосын ол баланың көзіндегі жасты қолдарымен сүртіп қатты ойланып кетіпті.

-         Мен сенің жылағаныңды көргім келмейді. Мұның себебі мен өзімнің патшалығымда ешбір адамның жылағанын көргім келмейді! -дейді.

Скарлет ханшайым алтын тәжін шешіп қолына ұстап әндетіпті:

-         Алтын тәж, алтын тәж жарқыра!

Сен менің тілегімді орында!

Сен оның аяқтарын қайтарып бер!

Сол кезде алтын тәж жарқырап өте көп құмдарға айналып аяғы жоқ ұлды айналып, айналып, айналып  жоғалып кетіпті. Көп адамдар таңырқап қарапты.

-         Алақай, енді менің аяғым бар!-деп айқайлапты ұл бала.  Оның аяқтары пайда болыпты.

Бұған бәрі қуаныпты. Скарлет ханшайым, көп адам қуанып шаттанып және аспандағы құстарда сайрап, гүлдер ең жақсы иістерін шығарып қуаныпты. Сол кезде тағы да музыка ойнап, аяқтары пайда болған ұл мен Скарлет ханшайым бірге билеп кетіпті.

Скарлет ханшайым өзінің гауһар тасты алтын сиқырлы тәжінен айрылғанына қайғырып жылаған жоқ. Мұның себебі ол адамға көмектесіп оған аяқтарын қайтарды. Себебі әлемде адамнан қымбат ештеме жоқ. Өте қымбат алтын тәждің өзі адамнан қымбат болмайды. Олар кешке дейін билеп, өте қызық көңіл көтерді.

Балалар, менің ертегім бітті. Скарлет ханшайым қалған өмірін тәжсіз өмір сүріпті деп ойласаңдар қателесеңдер. Скарлет ханшайымға әкесі гауһар мен алтыннан жасалған алтын тәж жасап берді. Бұл алтын тәж сиқырлы емес кәдімгі алтын тәж. Скарлет ханшайым сиқырлы болмаса да оны киіп алды. Себебі, алтын тәжсіз патшайым бола ма? 

(Скарлет ханшайымның суретін жасауға тырыстым)