Көгімдегі шоқжұлдыз жарқыраған (Байқау)

Көгімдегі шоқжұлдыз жарқыраған (Байқау)
жеке
блог
          Қазақ елінде Абай Құнанбаевті білмейтін жан жоқ шығар, сірә. Биыл әлем таныған ақынның 170 жылдық мерейтойы тойланбақ.  Сонша жылдар өтіп кетсе де  жас буынның санасында өлеңдері жаңғырып тұрған кезде Абай мәнгі тірі. Ұлы ақын жайлы айтар ойлар көп. Десе де, «Өлең- сөздің патшасы» деп Абай атамыздың өзі айтқандай, әрі қарай сөзімді өлеңмен өргенді жөн санадым.

 

Қазағым басын иген данасына,

Құрмет тұтқан жас буын, баласын да,

Елімнің шоқжұлдызы дүниеге

Келіпті сол қазақтың даласында.

 

Тек батырлық сұралар рухты ерден,

Жаудан қорғау халықты төніп келген,

Ал Абайдай қазақтың өр баласы

Жастарына қазақтың рух берген.

 

Азаттықты ту етті , жаңылмады,

Қаскөйлерді жыр етті жанындағы,

Осындай бабасының жырларымен

Бүгінгі жас ұрпақтар жалындады.

 

Артына қарайлаған «ұрпағым» деп

Қазақтың билік айтқан сұлтаны көп,

«Қазақ деген кім десе» айтар едім

Кешегі Абай ата ұрпағы деп.

 

Қараймыз ұлы ақынды күткендей біз,

Күндей боп сәуле шашқан көктен күндіз.

Шоқтығы мәңгі сөнбес Абай ақын

Елімнің маңдайына біткен жұлдыз.