Байқау аяқталады...

Байқау аяқталады...
жеке
блог

        Жазғы демалысымды көңілді әрі тиімді өткізуге ат салысқан «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет» байқауы аясында, сіздермен бөлісетін екі кітап, екі шығарма қалды. Оларға қысқаша тоқтала кетуді жөн санадым.

       Шахматтан ерлер арасындағы әлемнің 3 дүркін жеңімпазы Анатолий Карповтың «Ертең тағы да сайыс...» атты кітабы.111

       Бала кезінен шахмат фигураларын ойыншық етіп ойнаған Анатолий, олардың шахмат тақтасындағы орындарын, әрқайсысының өзіне тән жүрістерін 5 жасқа толмай жатып-ақ, меңгеріп алған. Осындай қабілетпен шахмат үйірмесіне барып, одан турнирлерге шығып, аяғы КСРО-ның құрамасына ілінеді. Бұл спорт түрінде жекелей және топтық жарыстарды үлкен жеңістерге жетеді. Бұл кітабында Анатолий Карпов, 1984 жылға дейінгі жарыстарын және ондағы қарсыластарымен болған ойындарды толықтай баяндаған. Әрбір жүрісі есінде сақталған десе де болады. Кейбір жарыстар бірнеше күнге созылатын болған. Бұл заңдылық кейіннен жойылды. Себебі кейіннен  компьютерлік бағдарламалар дамыған сәтте, шахматшы ойын позициясын есінде сақтап, оның шешімін компьютер немесе есептеуіш құрал арқылы табады деген оймен шахмат ойындары ұзаққа созылмайтын болды. Тарихтағы ең ұзақ шахмат ойыны Анатолий Карпов пен Гарри Каспаров арасында болған екен. Ол 1984 жылы қыркүйекте  басталып, 48 партия ойналғаннан кейін, 1985 жылдың ақпан айында ФИДЕ-нің президенті Ф.Кампоманес тоқтатты. Жалпы есеп бойынша Г.Каспаров 13:11 нәтижиесімен жеңіске жеткен.

        Бұл кітаптағы мына бір үзінді маған біздің байқауды еске түсіргендей болды: «Жарыс барысында ең қауіпті ойыншы ол – кесте соңындағы (рейтинг) ойыншы. Ол кесте басындағы жеңімпазға қарағанда анағұрлым қауіпті. Ол кез келген сәтте жігерленіп, жеңімпаздың өзін бетпе-бет келгенде қапы қалдыруы мүмкін».    

         Кейде газет беттерінен жазылмас дертке шалдығып, болмаса қатты науқастанып ауырған жандармен ғажайып оқиға орын алып, ешқандай дәрігердің немесе дәрінің көмегінсіз сауығып кеткені жайлы жиі оқитынмын. Бұл  ғажайыптың қандай заңдылықпен жұмыс жасайтынын және сізде де осындай кез келген ауруды жеңе білетін қабілет болғанын қаласаңыз, онда сізге  Джозеф Мэрфидің «Ойлан және бай бол»(дұрысы «Сезімнің күші жайлы үлкен кітап») кітабын ұсынамын.111

            Бұл кітап сізге өзіңізді толық басқаруда, өз мүмкіндігіңізді барынша пайдалануда  өміріңіздің жаңа есіктерін ашады.

           Бұл кітапты оқыған соң сізбен  болатын өзгерістер:

  • жағымсыз әдеттерден оңай арыласыз;
  • сезіміңіздің құпия күшінің арқасында кез келген аурудан жазыла аласыз;
  • кез келген істе, салада жетістікке жетесіз.

Сіз сірә мұның барлығына сенбейтін шығарсыз, менде бұл кітаптың алғашқы кіріспесін оқи отырып, осылардың барлығына сенімсіздікпен қараған болатынмын. Бірақ, қазір олай емес. Қарапайым мысал, мен осы кітаптың арқасында, азанда қалаған уақытымда  оятқышсыз ұйқымнан тұра алатын қабілетке, күшке ие болдым. Мейлі таң азанымен бесте, алтыда, өзім қалаған уақытымда. Бұл өте оңай(әрине бұл кітапты оқысаңыз сізбен де солай болады). Бар болғаны өзіңізге сеніңіз! Сенім –әлемді құраушы негізгі фактор!54

Бүгін менің мақсаттар тізімім жаңартуды қажет ететінін білдім. Себебі мен мақсаттарымдағы шешімі қиын 50 сұрақтың жауабын таптым, Ұланның «Жас тілшісі» атануға жақындай түстім, алдағы үлкен белеске (ҰБТ) математикадан (өзгеде пәндерге) дайындығымды пысықтадым, 5 кітаппен жұмыс жасадым. Ал Бенджамин Грэхемнің «Саналы инвестор» кітабы өмірлік жетістікті көздеген жан үшін бұл тізімнен әлі түспейтінін байқадым. Байқаудың негізгі мақсаты да осы - өмірде мақсат қоюға, оларды жаңартуға үйрету.44

Құрметті оқырман!

    Байқаудың да соңғы аптасы келіп жетті. Менің бұл жазбам, байқау барысында сіздің  қолдауыңыз, пікіріңіз арқылы бағаланатын  соңғы жазба.  Байқау барысындағы өз мақсаттарымды қорытындыладым. Ендігі кезек сізде. Менің жазбаларымнан шығарған қорытындыларыңызбен пікірде бөлісе отырыңыз. Бұл сіздің байқау барысындағы маған берген бағаңыз болсын!