Массагетке тартуым
жеке
блог

Массагетке тартуым

Сәлем, Массагет! Міне, уақыт зырғып, массагет ұйымдастырған сайыстың мәресіне жететін сәті де жетіп қалыпты. Алдыма қойған мақсаттарыма жоғары қарқынмен жетіп жатырмын. Массагет сайтына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Өйткені жазғы демалысымды тиімді өткізуге қол ұшын берді. «Мақсатыңа Массагетпен жет» атты байқау тағы да өз жалғасын тапса екен деген тілегім бар. Массагет сайтының ғұмыры ұзақ болсын. Өткен жолғы блогтарымның бірінде «массагет сайтына керемет қылып торт пісіріп, салатын боламын»,- деп уәде берген болатынмын. Керемет болмаса да, көңілдеріңізден шығады деген сенімдемін. Келесі аптаға дейін тілдескенше!

Ал торттың жасалу жолымен видео арқылы танысыңыздар!