Сөздің ең ұлысы – тарих (байқау)

Сөздің ең ұлысы – тарих (байқау)
жеке
блог

Қайырлы күн, менің массагеттік достарым! Алдыңғы блогтарымда ҰБТ-ге Қазақстан тарихы пәнінен дайындалып жатырғандығым туралы айтқан болатынмын. Қазіргі кезде 7-сынып оқулығын толық оқып бітірдім.

7-сынып Қазақстан тарихы үш кезеңге бөлінеді. Үшінші кезең XV ғасырдың екінші жартысынан басталып XVIII ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңнің ерекшелігі Қазақстан аумағының тұрғындары бұған дейін түрік тілдес ру-тайпалар, түрік дәуірі деп аталып келсе, енді олар Қазақ хандығы, қазақ халқы деген атаумен аталады. Бұл бөлімнен Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы, алғашқы қазақ хандары туралы мәлімет ала аламыз.

XVII ғасырда елімізге жоңғарлар көз алартып, жаулап алуға ұмтылады. Бұл шабуыл бір ғасырдан астам уақытқа созылады. Ел аузында сақталған «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атты сөздің өзі бұл  шапқыншылықтың ауыр зардаптарын көрсетеді.

Соңғы тарау ұлттық мәдениетіміз, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімзге арналған. Сонымен қатар халқымыздың ауыз әдебиетінің де тамыры тереңнен басталатындығына нақты деректер келтірілген. Сондай-ақ  XVI-XVII ғасырлардағы тарихи шығармаларға, олардың тарихи маңызына баға беріледі.

Тақырыптар бойынша тірек-сызба, хронологиялық кесте жасап отырдым.

Сонымен қатар сынақ кітапшаларын орындадым. Нәтежиесі жақсы.

Осымен 7-сынып қазақстан тарихын оқып аяқтадым. Енді сіздермен тест сұрақтарына қалай дұрыс жауап беруге болатындығы туралы бөліскім келеді.

Ол үшін:

1. Әрбір сұраққа дұрыс жауап беруге тырысу керек.
2. Тапсырманы, сұрақты түсінбей жатып, жауаптарын оқуға асықпаңыз. Алдымен сізден не сұрап тұрғанын анықтап алыңыз.
3. Сұрақтағы бес жауапты оқып шықпай тұрып, біліп тұрған жауапты белгілемеңіз, өйткені кейбір сұрақтар нақты жауапты талап етеді.
4. Бір сұрақтың жауабына күмәндансаңыз, ол сұраққа басқа сұрақтарға жауап бергеннен кейін қайта оралуыңызға болады.
5. Қателескен сұрақтарыңызға қарап, уайымдамаңыз, өйткені әрбір қате сұрақтың дұрыс жауабын үйренесіз. Сіз үшін ол үлкен олжа.
6. Мәтін-сұрақтарды көріп, «ұзын сұрақ, қиын» деп ойлап, оны оқымай тастап кетпеңіз. Ұзын мәтінді сұрақтардың жауабы көбіне сол мәтіннің ішінде жасырын тұрады.
7. Тестілеуде дұрыс жауапты тез тапқыңыз келсе, қате деп тапқан жауаптарды сызып тастап, қалған жауаптарға мән беріңіз.