Физика және астрономия (байқау)

Физика және астрономия (байқау)
жеке
блог

Сәлем,  достар! Менің  жоспарларымның  біраз  бөлігі  орындалыпта  қалды.Бүгін   мен физиканың  алғашқы  тақырыбын  оқып  шықтым.

Тақырып: Жылу  құбылыстары.

Мен  мұны  4 бөлікке  бөліп  алдым.

Басты деген  ережелерді   жазып  жаттап алдым.

Олар:

Жылу  құбылыстары -  дененің темперетурасының  өзгеруімен байланысты.

Молекулалық физика - молекулалы-кинетикалық  түсініктерден туындайды. Молекулалық  физиканың  негізгі  мақсаты - физикалық процестер  мен  құбылыстарды  денелердің   ішкі  құрылысының  негізінде    қарастыру.

Термодинамика - Жылу  құбылыстарын  және  денелерді  әртүрлі  қасиеттерін, оның  ішкі  құрылысын қолданбайақ  түсіндіретін  физиканың  бөлімі.

Біз термодинамикада  макроскопиялық   денелерді  қарастырамыз.

Жетістіктер: Термодинамика мен  молекулалық  физика  денелерді макроскопиялық  және микроскопиялық көзқараспен  түсіндіреді.

Молекулалық  физика  мен термодинамика жетістіктері: жылу  бергіш  аппараттар, тоңазтқыштар,  көліктер және  т.б  жатады.

Мұның барлығы  метеорологияны  дамытты  деп айтуымызға  болады.

Осымен бұл  тақырып  аяқталды. Мен барлығын жаттап алдым.