Ертегілер Еліне саяхат (байқау)

Ертегілер Еліне саяхат (байқау)
жеке
блог

Мен жазғы демалысымда штатымыздағы "Ертегілер еліне" саяхат жасадым. Маған бұл қалашық өте ұнайды. Олар 1963 жылы жасалған. 

Олар Еуропа ертегілері бойынша жасалған. Мен өзімнің қазақ ертегілерімнің де қалашығы болса деп қатты армандаймын. Бұл қалашық Fairytale town деп аталады. 

Бұл жер балалар үшін өте көңілді. Олар ойнайды. Бұл қызыл аяқ киім "Көктен түскен алыптың етігі" деп аталады. Аспанға жеткен бұршақ арқылы жерге түсетін ашулы құбыжық.

the old woman

Ертегіде Мери деген ағылшын қойшы қыз болыпты. Оның ақ түсті қозылары болыпты. Ол қозыларына неше түрлі бантик байлап қойыпты. Ол қолына таяқ ұстап өлең айтып қой бағады екен. Суретте Меридің ақ қозысы. Оның тұратын үйі сүйікімді.

1

 

Келесі суреттегі ертегі ағылшынның емес, 18 ғасырдағы Америкалық фермерлер туралы ертегі үшін орнатылған. Магдоналд деген фермада сиыр, қой, әтеш, ат, шошқа және мысық болады. Мынау қызыл үйдің  ішінде көп үй жануарлары өмір сүреді.

1

Бұл болашаққа апаратын пойыз деп аталады. Аты солай болғанмен ол жүре де алмайды.

1

Бұл ертегідегі Ана Қаз. Ол орындықта отырып кітап оқып отыр. Оның арқасындағы текпешекпен шығып мойынына мініп алуға болады.

1

Бұл Күлбике ханшайымға періште сиқырмен жасаған асқабақ арба. Күлбике ханшайымның арбасы түнде жарылып қалған асқабақ болып кетеді. Бірақ, мына асқабақ ешқашан жарылмайды.

1

Тәтті нандардан пісірілетін ертегідегі адамның үйі. Ол барлық ертегіде бар. Оның үйін де тәттілерден жасайды. Мынау суреттегі нан адамның үйі ағаштан жасалған.

1

Бұл Карип теңізіндегі қарақшылардың кемесі. Кеменің ішінде қарақшылар мен капитан Джек қарға жоқ екені өкінішті.

1Бұл патша Артурдың қамалы. Мұнда ішінде қызықтар көп және туылған күн өткізуге болады. 

Мен бұл блогымда "Ертегілер елі туралы" өте аз жаздым. Ол өте үлкен парк. Онда барлық ертегінің ішіндегілер бар. Олар өте қызық.