Шеше көрген тон пішер...(байқау)

Шеше көрген тон пішер...(байқау)
жеке
блог

Баршаңызға сәлем! Жазғы демалыстың да шуақты күндерінің аяқталуына шақ қалды. Әрқайсымыз мақсаттарымызға өте жақсы жетіп келеміз. Менің де анамнан дәріс алу сабақтарым аяқталды. Бүгін мен құрақ құрауды үйрендім. Сіздермен бөлісе отырайын.

Ерте заманнан бері ақ жаулықты әжелеріміз құрақ құрып, оюлап, көздің жауын алатын көрпелер тіккен. Менің әжем әлі  күнге дейін ине мен жібін тастамай, оюлап көрпе тігеді. 

Әжемнен анам да қалыспайды. Заманауи, пэйчворк әдісімен көрпелер тігеді.

Анам маған да құрақ құрып, көрпеше тігуді үйретті. 

Кез келген матадан құрақ құрамыз. Мен қызыл түсті матаны таңдап, үшбұрыш тәрізді құрақтар қидым.

Содан кейін өзге маталардан да құрақтар қиып, жобалаймыз.

Енді қиып алған құрақтарымызды қиып, тігін машинасымен тігеміз.

Содан кейін, басқа құрақтарды тігеміз.

Мінеки, көрпешеміз де дайын болды!

Сіз қалай ойлайсыз? Әдемі шықты ма?

Осымен менің кішігірім мақсаттарым да тәмамдалды.