Әлемдегі ең оңай әрі арзан нәрсе

Әлемдегі ең оңай әрі арзан нәрсе
жеке
блог

     Апта басында Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзадасының»   басты кейіпкері жайында баяндаған болатынмын. Бүгін сізге сол шығармадан мағынасы өте терең үзінділер келтірмекпін.1

1.«Егер оның  зиянды шөп екенін байқасаң, оны тамырымен бірге жұлып тастау керек»

Антуан де Сент-Экзюперидің айтпағы ғаламшар – бұл адамның жаны, ішкі жан дүниесі, ал зиянды шөп – адамның зиянды ойлары, істері және мінездері. «Зиянды шөптен»  тамыры бекімей жатып, адамның бір жаман әдетіне айналып оның ойын ластауына мүмкіндік бермей тезірек құтылу қажет.  Егер ғаламшар сондай кішкентай болса, ал баобабтар өте көп болса, олар ғаламшарды өте ұсақ бөліктерге аяусыз бөліп тастайды.44

2. « Мен көбелектермен кездесу үшін, екі-үш жұлдыз құртқа шыдауым керек қой»

Кейбір адамдар бізге жағымсыз болып келеді. Олар біз үшін жұлдызқұрт секілді тұрақсыз «тайғанақ» және ұнамсыз. Бірақ бұл олардың ішкі жан дүниесінде керемет ештеңе жоқ дегенді білдірмейді.  Бәлкім, олар өз жолдарын іздеп жүрген болуы керек және уақыты туғанда жұлдызқұрт керемет көбелекке айналады.  Айналаңдағы адамдарға шыдамды болу қажет және жағымсыз дүниелердің арғы жағында да жағымды дүниелердің болатынын естен шығармау қажет.45

3. «Ол мені естуі үшін, қалай шақыруға болады, оның менен алыстап бара жатқан жанын қалай қуып жетуге болады... Ол сондай құпия әрі белгісіз, бұл көз жастың мекені...»

Өзгелердің қайғысын шынайы сезіну – өте қиын. Ол өзгелерді ренжітіп артынша кешірім сұрағанмен бірдей. Бұл жағдайда барлық айтылар сөздер  мәнсіз әрі қажетсіз болып көрінеді. «Көз жастың мекенін» шынымен айтып жеткізе алмайсың.54

4. «Барлық ересектер алғашында бала болды, бірақ ол ересектердің көбісінің есінде жоқ»

Балалар сондай таңқаларлық. Оларды ересектер «дұрыс» ойлауға үйретпей тұрып, олардың ойында керемет ойлар туындайды. Олардың фантазиясы шексіз, таза. Өкінішті, үлкендер олардың «ғаламшарларының» күнәсіз, сондай керемет екенін ойламайды.  Автор бүкіл шығарма бойы балалардың армандары мен дарынына шектеу қоймау қажет екенін еске салып отырады.79

5. «Сөз тек бір-біріңді түсінуге кедергі келтіреді»

Адамдар миллиардтаған сөздерді қолданады. Олардың көп бөлігі – керексіз және мағынасыз.Кейде  өзімідің айтқан көптеген сөздерімізге өкінеміз. Бір ғана сөз арқылы біреуді бақытты немесе бақытсыз етуге, күлдіруге немесе жылатуға  болады. Сол себепті абай болыңыз! Басқа бәле тілден.87

6. «Сенің раушан гүлің саған қымбат, себебі сен оған барыңды бердің»

«Жер – керемет ғаламшар. Адамдар жер бетінің аз бөлігінде ғана өмір сүреді». Біз 7 миллиардпыз.Тіпті одан да көп. Бірақ біздің әрқайсысымыздың өзіміз шынайы бағалайтын тек бірнеше ғана адам бар. Шынындығын айтқанда біз оларды бағаламаймыз, олармен өткен қызықты уақыттарды бағалаймыз. Ортақ істер, ортақ оқиғалар оларды бағалы етеді.kl

7. «Өзгелерге өзіңе бауыр басуға мүмкіндік берсең, артынша жылауға тура келеді.»

Жалғыздық жанға жағады. Сен ешкімді алдамайсың, саған өзгелермен қоштасудың қажеті де жоқ. Бірақ жалғыздық өте қорқынышты. Жалғыздықтан құтылу үшін бауыр басуға, дос болуға үйренесің, бірақ қоштасарда өте қатты қиналасың.98+

8. «Онда өзіңді сына, - деді патша. – Бұл ең қиын нәрсе. Өзіңді сынау, өзгелерді сынағаннан да қиын. Өзіңді дұрыс сынай білсең, сен шын мәнінде дана адамсың»

Егер шынайы дана адам болса, ол – де Сент-Экзюпери. Адамдар бір бірін сынауға, айыптауға шебер. Бұл деген әлемдегі ең оңай нәрсе.  Әрі әлемдегі ең арзаны да сол. Сын айтатындар кез келген жерден табылады. Ал дана адам барлығын өзінен бастайды.1111

9. «Бағалы дүниелерді көзбен көре алмайсың»

«Өз жүрегіңнің үнін тыңда» - бұл фразаны әндер мен фильмдерден жиі естуге болады. Бұл сөз көп айтылуы жағынан «Мен сені сүйемін» сөзінен кейінгі екінші орында.Осыған қарап біз оның қандай бағалы екенін түсінеміз. Сырт көз алдамшы келеді.Асыл тас ,маржанның өзі сонау терең су түбінде жасырылған. Ең бағалы дүниелер әрдайым жасырын жерде сақталады. Оларды табу үшін өз жүрегіңіздің үніне құлақ салыңыз және ол сізді адастырмайды.

10. «Сен өзіңе жақын жандарға мәңгілік жауаптысың»

Бұл сөзді талқылаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бір минутқа болсын жақындарыңды естен шығарма. Біз оларды көзіміздің қарашығындай қорғауымыз керек.11111111

P.S.  Дана адам барлығын өзінен бастайды. Оқырман, өзіңізге бағалы ой түйсеңіз, ойыңызбен бөлісе отырыңыз.