Әже өсиеті (байқау)

Әже өсиеті (байқау)
жеке
блог

Сәлем, Массагеттік оқырман, достар! 

         Рухани байлық ол-кітап! Рухани байлығымды, тіл байлығымды дамыту үшін кітап оқуды қолға алдым. Мен Амангелді Ормантайдың "Бауыржан батырдың балалық шағы" кітабын оқып, қызықты әңгімелермен бөлісетін боламын. Кітап Бауыржан бабамыздың балалық кезіндегі әңгімелерден тұрады. Онда өте қызықты. оқиғалармен балалықтың балғын шағы көп кездеседі, сізгеде оқуға кеңес беремін!

         Алғашқы іс- бастаудан тұрады, ал кітап кіріспеден тұрады.  

                           

          Күйік асуынан Қаратау мен айбарлы Алатаудың ортасындағы кең жазықты қақ жарып шойын жол өтеді. Кәрі Қаратау бұл кәрі тамырға төменнен бұйыға қараса, жаңа келген жаңа жылдай жасауларын тағынған, өр кеудесін асқақ көтеріп тұрған Алатау жоғарыдан төмен қарап тұрады. Сол темір жолда Боранды бекеті бар. Бір кезде осы темір жолды тартқан кезде жол осы бекетке келіп тоқтаған екен. Борандының табиғаты өзгеше. Небәрі алпыс шақырымдай жердегі Тараз қаласында күн күйдіріп тұрса, мұнда жаңбыр төккен, ал онда күн ашық уақытта мұнда қар борап тұратын кездер жиі кездеседі. Жазы салқын, қысы қатал. Боранды деп сол теміржолшылар қойыпты.

- Жуалыға не киіп барарыңды білмейсін,- дейді мұнда келетін қонақтар.

      Боранды жазығының жер-су аттары да қызық. Жазықта Теріс аталатын өзен бар. Бұл өзен әлгі екі тауды қақ жарып теріс ағып жатады.

      Алатаудың етегіндегі жазықта бұлақ көп. Бұл бұлақтарды қосып "Мыңбұлақ" алқабы деп атайды. Тастан-тасқа секіріп, жамырай аққан мөлдір бұлақтар шынында да көп. Әр бұлақ басында бір бастау бар. Әлгі бұлақтар сол бастаудан нәр алып, күндіз-түні сылқ-сылқ күліп, төмендегі Теріс өзеніне қарай ойнақтай ағып жатады.

       Бұрын ел көше болып бір селоға біріккенше әр бұлақ басында шағын-шағын ауыл болған. Алатау баурайындағы "Мыңбұлақ" аталатын көп бұлақтың бірі -Көлбастау. Осы Көлбастауда 1910 жылдың боранды желтоқсан айының 24 жұлдызында Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы дүниеге келді. Ол туғанда әкесі Момыш елу үш, анасы Рәзия 43 жаста, атасы Имаш тоқсан екі жаста екен. Дулаттың Шымырынан тарайтын Бекболат, одан Шілменбет, одан Құлый, одан Үсен аталатын ел осы Мыңбұлақты жайлаған.

      Бауыржан туған күні ақ боран соғып тұрады. Әкесі Момыш жолаушылап Әулиеатада жүр екен. Аз ғана ауылдан кіндігін кесетін адам табылмай, көрші ауылдағы Разымбет деген кісі "кіндік шеше" атанады. Ал хабарға борандатып Байтоқ атты ағайын жігіт Әулиеатаға шабады. Бауыржан Имаш қарияның ұлдан жалғыз немересі болған. Мінезі бірбеткей, тұйық, алғыр ойлы, сезімтал болады. Момыш Бауыржанға ат ұстауды, атқа шабуды ерте үйреткен. 

        Ендігі кезек сіздерге Бауыржан батырдың балалық шағындағы автордың жазған қызықты әңгімелері.

                           

          Әже өсиеті.

 Ауылдағы бастау басы әрқашан адамнан үзілмейтін. Қыз-келіншектер суға келетін. Олар әр түрлі әңгіме шертіп, кейде ашық аспан астын мың түрлі әуенге бөлеп, шарықтата әнге басатын. Әрине бастау басындағы шалғыны жайқалған алаңға жас балалар да үйірсек келеді. Олар осында жиналып ән тыңдайды, кешке ақсүйек ойнайды, алқа-қотан отырып өздерінше әңгіме шертеді. "Тасбастау" (Кейін Момышбұлақ атанған бұлақтың басындағы бастау) аталатын бастау басына Бауыржан бастаған балалар жиналатын. Бауыржан оларға Евгеньевка ауылындағы орыс балалары жайлы әңгіме шертетін.

      Осындай бір әдемі кеште әңгімелесіп отырған балалардың қасына Бауыржанның әжесі Қызтумас келді.

- Бауыржан,-деді әжесі дуылдап.

- Ау, әже.

- Мә, бастаудан бір іліп су әперші, деп ол Бауыржанға кесесін ұсынды.

       

       Әжесі кеседегі ботаның көзіндей мөлдіреген суға ернін тигізіп бір ұрттады да, ұзақ тамсанды. Содан соң күбірлеп бір бата жасады да, кесені Бауыржанға ұсынды.

- Мә, ұртта балам. Содан соң бәрің бір-бір ұрттап шығыңдар,- деді әже балаларға.

 Олар аздап таңырқаса да әженің өтінішін орындады.

-Қалай екен, ә! Бал татып тұр ма екен!

Ия, бал татиды ғой, туған жердің суы, бал татиды.

Мұндай дәм балалар өмір бойы сендердің таңдайларыңнан кете қоймас. Оны ұмытпаңдар, ұлдарым. Өйткені әр адам үшін туған жердің қурайы да алтын.

   Бала Бауыржанның осынау әже сөздері өмір бойы жадында сақталды. Ол ауылға келген сайын сол әже ұрттатқан суы бал бұлақ басына соғып, құран оқып қайтатын. 

         Осы әңгімені оқи отырып Бауыржан батырдың әже өсиетін әр уақытта есте сақтап, орындауы қуантарлық.  

 

Оқырман сізге сауал:

1)Жаз айында қандай кітап оқыдыңыз?

2)Ата-әжеңіз сізге өсиет қалдырдыма, орындайсыз ба?

 

 

Р.s:Оқырман лайқты болсақ лайқ басып, пікір қалдырсаңыз, себебі сіздің ойыңыз мен үшін маңызды!