Жердегі жұмақ-Түркия немесе Түркия туралы қызықты мәліметтер... (байқау)

Жердегі жұмақ-Түркия немесе Түркия туралы қызықты мәліметтер... (байқау)
жеке
блог

   Сәлеметсіздер ме,Массагеттіктер?!Өздеріңізбен қайта қауышып отырған Мөлдір қыз бүгін сіздерге "Жердегі жұмақ" болып аталып кеткен Түркия мемлекеті туралы айтатын болады.

   Түркия-әлемдегі келуші туристер санынан 1-орында тұрған мемлекет.Сән-салтанаты жарасқан мавзолейлер,музейлер,шулы базарлар,даңғыра үні,исі мұрын жарар дөнерлер...Елестетіп көріңізші?Барлығы да Шығыстық мәдениетті айқындап тұрғандай өте керемет.

Енді Түркиядағы қызықты мәліметтерге кезек берейік)

Қызғалдақтар

   Түркия-қызғалдақтар отаны.

Әсем де көрікті,ару қыздарымызды теңейтін қызғалдақ ең әуелі Түркияда орын тапқан.Әрине,көбісі осы қызғалдақтарды Голландиялық деп ойлайды.Бірақ,шын мәнінде қызғалдақтың баданасы 1554 жылы Стамбулдан Венаға әкелінген және Еуропа бойынша тез тарап кеткен. Қазірде қызғалдақтар Голландияда өте танымал.

  "Арарат" тауы

Білетін боларсыздар,"Арарат" тауы Армения мемлекетінің еі басты нышаны.Бірақ аталған тау Түркияда орналасқан.Себебі ол аймақ 1921 жылы Түркияға берілген.

   Кофе

Кофені барлықтарыңыз сүйіп ішетін боларсыздар.Түркия Еуропа елдеріне кофені ашты. Кофе Түркия XV ғасырдың ортасында пайда болды. Екі ғасырдан кейін кофе дәндері Италияны, одан кейін бүкіл Еуропаны жаулады.

  Түркиядағы "Ван" тұзды көлі

"Ван" тұзды көлінде судан қорықпайтын, жүзуді және балық аулап, қармен ойнағанды ұнататын мысықтар бар. Олардың тағы бір ерекшелігі: бір көздері көгілдір, ал екіншісі ашықсары түсті.

  Қанат қолданып ұшқан адам

Екі қанат қолданып аспанда ұшқан алғашқы адам- түрік азаматы Хезарфен Ахмет Челеби болды. Ол 1638 жылы Босфор арқылы Галата мұнарасынан қолдан жасалған қанатпен ұшып өтті. Мұрад сұлтан Хезарфеннің ерлігі үшін қоржын алтын беріп, елге: “Бұл адам ешнәрседен қорықпайды, не қаласа, соны жасай алатын жан екен. Алайда бұндай мінезді адамдардың еліміздің астанасында қалғаны дұрыс емес”,-деп Хезарфенді Алжирге жібереді. Дегенмет Ахмет Челяби көп білім іздеп үлгермейді,сол жерде 31 жасында дүние салады.

Самый дорогой ковер в мире

  Ең қымбат кілем

Әлемдегі ең қымбат жібек кілем Түркияның Конья қаласындағы Мелвана мұражайында сақталған. Ол кілемнің 1 шаршы сантиметрінде 144 түйіншек бар.

 

  Ең қымбат қонақ үй


Түркиядағы еуропалық стильде жасалған ең қымбат қонақүй “Мардан Палас” ресейлік бизнесмен Тельман Исмаиловқа тиесілі. Қонақүйдің жағажайына Египеттен 9000 тонна ұсақ құм әкелінген.

 

   Футбол

 

Сонымен қатар,Түрік елінің ер-азаматтары футболды жанындай жақсы көреді.Кездесіп таныса қалса болғаны,ең әуелі,қай команданың жанкүйерісің деп сұрайды екен.

 

ПыСы:Әрине,бұдан да көп нәрсе жазар ма едім,егерде Түркияны өз көзіммен көргенде..Негізі осы жолы Түркияға баруға жоспар құрғам,бірақ жарыс үшін қалып отырмын.Уайымдамаймын,есесіне келесі жолы Канадаға баратын болдым)

 

ПыСының ПыСысы:Сіздерге ылғи да "Қызықты мәліметтер" ұсынып отырамын.

 

Өзім үйреніп жүрген түрік тілінде айтсам:Bana sadece ilginç beklediğiniz)

"Томириспен" бірге болыңыздар!!!