Табиғаттан ем іздегенде керек болатын кеңестер (Байқау)
жеке
блог

Табиғаттан ем іздегенде керек болатын кеңестер (Байқау)

Сәлем достар! Әне-міне дегенше жарыстың бел ортасынан асып аяғына да жақындап қалдық. Әлі біраз уақыт бар болғандықтан мен мақсаттарыма кішкене өзгеріс енгіздім. Тамыз айындағы төрт аптаның  бірінші апталарында сіздерге дәрілік өсімдіктер жайлы  ақпарат беруді жөн деп ойлаймын. Қалған үш аптасында қайрымдылық іс жасап, ҰБТ-ға дайындық техникаларын үйреніп, фотосуреттер жинағын жасаймын. Ал енді бүгінгі блогым дәрілік өсімдіктерді жинау кезіндегі ережелер туралы болмақ, осы ережелерде сақтамаған жағдайда дәрілік өсімдіктерден денсаулығыңызға зақым келуі мүмкін. Ол ережелер мыналар:

Шипалық өсімдіктерді жинау, кептіру және сақтау тәртібі.

1.Алдымен қай кезде жинауды білу керек (алғаш шыққанда, гүлдеп тұрғанда, гүлі қурағанда, жемістегенде және т.б.);

2.Қай мүшесін жинау керек (жапырағы, сабағы, бүршігі, гүлі тамыры, тамырсабағы және т.б.);

3.Жылдың қай мезгілінде жинауды (көктемде, жазда, күзде);

4.Қандай ауруға қолданылатынын білу;

5.Қалай, қайда кептіретінін білу;

6.Қалай, қандай ыдыста, қанша жыл сақтайтынын білу;

7.Егер дәріні қолдан жасаса, - қандай түрде (ұнтағы, судағы, спирттегі, сүттегі тұнбасы);

8.Суда қайнататын болса мөлшерін, қайнату ұзақтығын білу;

9.Күніне қанша рет, қандай мөлшерде (шәй қасық, ас қасық, стакан, тамшы) қабылдайды, тамақтануға дейін бе, кейін бе? Қолдануды білу.Керек кеңестер

Кептіру: жинап алған өсімдікті мұқият тексеріп ауруға шалдыққан мүшелерінен, арамшөптерден тазалайды. Көгеріп бұзылып кетпеу үшін кептіреді. Тікелей күнге кептіруге болмайды, құрамындағы дәрілік заттардың қасиеті жойылады. Тазартылған өсімдікті 4-5 талдан ғана баулап, көлеңкеге, жел тиетін жерге, шатырға жіпке іліп кептіреді. Бауын жуан етіп байласа сыртындағылары кеуіп ішкі жағындағылары кеппей қалуы мүмкін. Әдетте шатырға кептіреді. Егер жуан тамыр немесе тамырсабақтары болса ұзынынан жарып немесе көлденеңінен кессе тез кебеді. Әбден кепті дегенде жинап алып дұрыс сақтау керек. Кепкен өсімдікті қатқыл қағазда (картон) кенеп дорбада сақтайды. Целлофанға салмайды, дәріханаларда дәрілік шөптердің барлығы қатқыл қағаздың қорабында болады ғой, соны көру керек. Осы ережелердің барлығы шипалық өсімдіктердің сипаттамасын берген кезде толық түсіндіріледі.Адыраспан

Дәрілік өсімдіктерді дайындау жолы.

Жинап алған дәрілік шөптерді үй жағдайында (қолдан дәрі дайындау) дәрі дайындаудың бірнеше жолы бар.

1.Бұқтырма тұнба (настой) – дәрінің сұйық түрі. Тұнба дайындауға өсімдіктің жұмсақ, нәзік бөліктері – гүлі, жапырағы, сабағы алынады. Шөпті майдалап үгіп эмальды, фарфорлы ыдысқа белгілі мөлшерін (5 г, 10г, 20г және т.б.) алып қайнаған ыдысқа су құйып қақпағын жауып қайнатпай бықтырып қояды. 15-20 мин. кейін суытып дәкеге сүзіп дәрі есебінде қабылдауға болады. Сұйық ерітіндісін – «тұнба» дейді.Дәрі 

 Ескерту: 1 шай қасық шөп = 5 гр. есептеледі; орташа қасық (десерт қасық) = 10 гр. 1 стакан су = 200 гр. 20 гр. шөпке 200 гр. су, ал 40 гр. болса 400 гр. су және т.б. құяды. Егер дәріханадан сатып алсаң оның мөлшері қорабында жазылған.

2.Қайнаған тұнба (отвар) тұнбаға өсімдіктің қатты бөліктері (қабығы, тамыры, тамырсабағы) алынады. Үгітілген бөліктерінің (1:10, 1:20) бір ас қасығына 10 немесе 20 ас қасық су құйып 30 мин. қайнатады. Суытпай сүзеді. Күнде жаңалап отырмаса тұнба тез бүлінеді (тоңазытқышта сақтау керек).

3.Жартылай сұйық түрі (экстракт) қақпағы жабық ыдысқа суы көбірек буланып кеткенше қайнатады.

4.Спирттегі тұнба (настойка) немесе спирттегі ұзақ сақталатын тұнба. Спирттің арақты қолдануға болады. Қараңғы жерде сақтайды, мұны дәрігердің нұсқауы бойынша жасау керек, себебі спиртте тұндыру мерзімі әр түрлі: 7 күн, 10 күн, 20 күн және т.б. Бірнеше айдан жылға дейін сақтауға болады.

5. Теріге жағатын май (мазь), әбден кепкен өсімдіктің (жапырағы) үгіндісін өсімдік майына, сары майға, вазелинге және т.б. араластырады.Біліп жүріңіз

Міне достар дәрілік өсімдіктерді жинап, дәрі жасау кезінде осы ережелерді біле жүрген абзал. Келесі блогым  дәрілік өсімдіктердің сипаттамалары жайлы болмақ, күтіңіздер...

Еңбегім лайкка лайық болса бағалап, пікір қалдыруды ұмытпаңыздар. Ал осы блогымды оқып, дәрілік өсімдік жинауға шыққандарға сәттілік!