Айгүл Иманбаева жайында (байқау)
жеке
блог

Айгүл Иманбаева жайында (байқау)

 Армысыздар достар!!Сіздерге өзімнің пір тұтатын еліктейтін адамым жайлы сіздермен бөлісем деймін..

Менің пір тұтатын,еліктейтін адамым сегіз қырлы бір сырлы жан Айгүл Иманбаева!Толық аты-жөні Айгүл Серікқұлқызы Иманбаева.Балалық шағын Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен Әзірбай ауылында өткізген.Орта мектеп кезінен бастап музыкаға жақын болған Айгүл "Баян"класын аяқтап шығады.1994-1998 жылдар арасында Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын сәтте  аяқтап шығады. 1998 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжде ұстаздық  қызметіне  қабылданады.Және де сол уақыт  арасында  Ғабит Мүсірепов. атындағы академиялық  театрға  актрисалық  қызметіне жұмысқа  тұрады.2001  жылы "Хабар  арнасындағы  "Ұят болмасын"  бағдарламасының жүргізушісі  әрі  келіннің образын алып шығады.2001  жылы алғаш  рет ұйымдастырылған  Республикалық  көлемде өткен әзіл-сықақ жарысында әншілерге пародия  жасағаны үшін  бірінші орынды  жеңіп алады..                                                                                                                 Театр қабырғасында  әр түрлі  сарындағы образдарды ойнап үлгерген:"Қыз Жібек" спектакілінде "Жңбек" рөлін, "Пай,пай,жас жұбайлар ай" да "Ғазиз"" рөлңін , "Таланған тағдыр" да "Гүлжан"рөлін,"Алма бағы" да "Алма" рөлін,"Көгілдір такси" де "Клара" рөлін, "Желтоқсан желі"де "Ақмарал" рөлін т.б.рөлдерді ойнаған.Кино саласында да біраз жетістіктерге жетіп үлгерді.2004 жылы Мосфильм түсірген "Человек ветер",2005 жылы "Сүйінші" фильі,2010жылы "Ғашық жүрек" фильмі,2011 жылы 2 бөліміне түскен,2013 жылы "Осторожно корова"фильміне түскен.2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистратурасына журналистика факультетіне тапсырады.Эстрада саласында 1999 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді.Қазіргі таңда 10 бейнеклипі отыздан астам әндері бар.2007 жылы ең алғашқы "Таңғы елес"атты жеке шығармашылық кешін өткізді.2006 жылы "Дарын" сыйлығының иегері атанады.2011 жылы тәуекелге бел буып  жеке "А.И"драма театрын  ашады.Азғантай уақыт өтсе де көрермендерге екі спектаклін көрсетіп үлгерді.Менде болашақта осындай оқу орнында оқып,Айгүл апай сияқты түрлі жетістіктерге жеткім келеді.Түрлі киноларда рөл сомдасам деймін.Сол кісі сияқты керемет актриса болып шықсам деймін.Сол үшін барымды саламын.