Рухани қайрымдылық
жеке
блог

Рухани қайрымдылық

"Сәлем сөздің анасы" дегендей саламатсыздарма массагеттіктер! Мақсат кемесіне бәріміз мініп, алға жылжып барамыз. Бәріміздің өзіндік ерекшеліктеріміз бар. Менің мақсатымның бірі қайрымды іс жасау. Шыны керек достар, жақсы адам болу үлкен сабырлықпен келсе, жаман болу бір-ақ сәт екен. Бұл жолғы блогымды рухани қайрымдылыққа арнағым келеді. "Жақсы сөз - жарым ырыс " деген ғой. Көңілі пәс адамға бір ауыз сөзің жанына жылу болады. Ол да қайрымдылыққа жатады деп ойлаймын. Сол үшін жан-жағымыздағыларға қай жағынан болмасын көмек беруді аямайықшы, Достар
 
Рухани көмекке қандай іс жүзінде жұмыс бітіремін деген ой көп мазалады.Сосын қағаздан сөз жазып көшеге іліп қою ойыма сап ете қалды. Міне бұл да көмекке жатады деп ойлаймын. Шаршап тұрған жан бір көріп, күлімсіреп, сәлде болса көңілі көтерілсін деп ойладым. 
 он
 
ол
Әрқашан жақсы ойларды жүзеге асырудан шаршамайық!