Донерді үй жағдайында қалай жасауға болады? (байқау)

Донерді үй жағдайында қалай жасауға болады? (байқау)
жеке
блог

Қайырлы күн, менің массагеттік достарым! Мен сіздермен бүгін көп адамның көңілінен шығып жүрген түрік тағамдарының бірі донерді үй жағдайында қалай жасауға болатындығы туралы бөліскелі отырмын.

Донер-кебаб- түрік тағамдарының бірі. Ол лавашқа қуырылған ет, түрлі соустар мен салат қосып әзірленетін жеңіл тағам түрі. Дайындалу жолы да қарапайым.

Ол үшін:

- қуырылған ет (тауық, сиыр, жылқы);

- лаваш;

- картоп

- салат (орамжапырақ, сәбіз, қияр мен қызанақ);

- соус (кетчуп, майонез т.б.);

Алдымен етті ұсақтап турап, майға қуырамыз. Мен тауық етін алдым.

Етіміз дайын болғанша, картопты аршып, ұзыншалап тураймыз. Оны майға қуырамыз.

Одан кейін қияр мен қызанақты тураймыз. Қияр мен қызнақтан басқа орамжапырақ, сәбіз т.б қосуға болады.

Енді лавашты алып, оған алдымен қуырылған тауық етін саламыз. Кетчуп немесе майонез қосамыз. Үстіне қуырылған картоп, қияр мен қызанақты салып, ораймыз.

Міне донеріміз дайын болды.

Астарыңыз дәмді болсын!