Ағаммен тең дәрежеде сөйлескім келеді (байқау)

Ағаммен тең дәрежеде сөйлескім келеді (байқау)
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме, менің Массагеттегі достарым! Осы апта мен үшін қиындыққа толы болғалы тұр. Мен алдыма тағы бір мақсат қойдым. Мен енді қимыл қол тілін толық қанды үйренбекпін. Мұны үйрену себебім: менің ағамның құлағы естімейді. Болашақта онымен жақсы тілдесе алу үшін, көмектескім келеді. Бірақ мен ол үшін ұялып, қысылып отырмаймын. Керісінше мақтан тұтамын. Ол қазір Алматы қаласындағы Спорт туризм академиясында білім алып жатыр.  

Қол қимыл тілі негізі құлағы естімейтін, сөйлемейтін жандарға арналған арнайы тіл. Олар осы тіл арқылы бір-бірлерін түсініп, әңгімелесе алады.

Мен тек қана алфавитін білуші едім және күнделікті кездесетін сөз тіркестерін ғана орындай алатынмын. Енді сонымен ғана тоқтап қалмай жалғастыруды шештім.

Маған ағам көмектесіп отырады. Күніне 10-20  сөз үйрену дағдыға айналған. Кішкентай кезімде алфавитін үйретті. Оның достары көп. Және ол ағылшыншасын үйреніп шетелдегі достарымен сөйлесіп тұрады. Егер оның досы үйге келсе әңгімелері таусылмайды. Сырттарынан бақылап қарап, не айтып жатыр екен деп ойланып отырасың! Ендеше төмендегі жүктелген видеодан менің осы аптада үйренген сөздерімнің қимыл қол тілін тамашалаңыздар.