Алматыда шырша жағылды

Алматыда шырша жағылды

Қыстың алғашқы күні мерекелік шараларға толы болды. Солардың бастысы – Алматыдағы "Шырша жағу" мерекесі ойдағыдай өтті.

Биылғы қаланың басты шыршасы "Алмалы" ойын-сауық орталығының аймағында, "Тәуелсіздік Алаңында" орналасты.

Биіктігі 18 метр шырша ойын-сауық орталығының ортасындағы әйнекті күмбездің алдына орнатылды. Шыршаны үш мыңнан астам түрлі түсті ойыншықпен безендірді.

Шараның басты әрі ең қызықты бөлігі 3D-mapping шоу болды. Оның ұйымдастырушылары – Венгриядан шақырылған шеберлер. Олар Мәскеуде, Токиода өткен 3D-mapping шоуға байланысты байқаулардың жеңімпаздары екен. 3D шоу ретінде жиналған халыққа Жаңа Жылдық ертегі көрсетті.

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

С. А