Қайрымды іс қайратты ете түседі.(байқау)
жеке
блог

Қайрымды іс қайратты ете түседі.(байқау)

Сәлем достар!Алдыңғы күндері белгілі себептермен блог жаза алмай қалып едім(өкініш -ай десеңші).Өзімді байқаудан шеттетіліп қалғандай сезініп едім ағайым (топ жетекшіміз Нұрбол Нұрмаханұлы)күш беріп,мақсатқа әрмен қарай ұмтылдым.Сонымен мен өзімнің бос жатпағанымды сіздерге дәлелдегім келеді.Менің мақсатымның бірі елге қайрымдылық жасау.Мектеп оқушысы болғаннан кейін ,менің қайрымдылық жасауға мүмкіндігім аздау,бірақ қолымнан келгеннің бәрін жасаймын деген шешімге келдім.

 

Мына күннің ыстығы қай адамды болмасын шаршатты,шөлдетті деп ойлаймын .Үйден дүкенге бара жатқан жолымда көршілердің үнемі ыстық күнге қарамастан бірі қора-қопсысын түзеп,бірі ана-мынасын жасап жүргенін көремін.Солар шөлдеді деп ойлап есік алдына "Тегін су" акциясын жасадым. 

ол

Басында ешкім мән бермегенімен,менің "Тегін су алыңыздар "деген дауысымнан бірнеше кісілер келіп шөлін қандырды.

 ап

Осылайша,кішкентай ғана қайрымдылық жасап,өз-өзіммен көңілдендім.