"Сникерс" тортын жеп, тоқтама!

"Сникерс" тортын жеп, тоқтама!
жеке
блог

       Салем  «Тәтті сүйер» достарым!  Әр күндеріңіз сәттілікке толы болсын! Көңіл-күй қалай?

Менің бүгінгі күнім асханада өтті. Көптен армандап жүрген тортымды өз қолыммен жасап, пісірдім. Ол торт «Сникерс» деп аталады. Әрине, мақсаттарымды қалыс қалдырмадым! Бұл «сникерс» тортын алғаш пісіргендіктен  «қалай шығар екен?!»  деп, аз-маз уайымдаған едім. Алайда, уайымым бекер бопты. Торт өте дәмді әрі әдемі шықты. Отбасылық дастарханымыздың  одан әріге көркін ашты. Әрине, сіздермен де бөліскім келді. Дәмін татыңыздар! Осы торттай «Тәтті» әрі «Әдемі» боп, құлпырып, жайнап жүріңіздер!!!

Яғни, жасалу жолымен сіздерді таныстырғанды жөн көрдім. Аса қиын да емес, бірақ оңай деуге де келмес.

Қажетті заттар:                        

Қамырына: Жұмыртқа – 2 дана

                    Қант - 100гр

                    Қаймақ – 1 стақан

                    Какао – 3 ас қасық

                    Разрыхлитель – 1 пачка       

Креміне:

                    Сгущенка – 1 банка

                    Сары май – 250 гр

                    Жержаңғақ

Іскер кіріссек: жұмыртқаны жарып, қаймақ, қант, какао, разрыхлитель, ұн қосып, қамырын илеп, екіге бөліп, екі корж пісіреміз. Піскен соң алып суытамыз.

Енді кремін дайындап аламыз: сары майды бөлме температурасында ерітіп, оған сгущенканы құйып, жақсылап миксермен араластырамыз. Жержаңғағымызды аздап қуырып алып, майдалаймыз.Дайын корждарымыздың арасына кремін жағып, біріктіріп, тортты айналдыра кремін жағып шығамыз. Торттың бетіне және айналдыра майдаланған жержаңғақты себеміз.

Міне, көптен күткен торт дайын! "Сникерс" тортымен тәттіліп кешкі шайды ішуге болады. Баршаңызға ас болсын!