Текті сөздің төресі! (байқау)

Текті сөздің төресі! (байқау)
жеке
блог

Егер, кенет сізден қазақтың ең құнды дүниесі не деп сұрай қалса, не деп жауап берер едіңіз? ... Әрине, әрқайсыңыз әр түрлі жауап беретіндеріңіз анық. Себебі, жер бетінде қанша адам болса, сонша пікір бар.

Менің ойым, қазақтың ең құнды дүниесі - ұлттық тәрбие. Менімен көпшілігіңіз келісесіздер деп ойлаймын. Ұлттық тәрбие неден бастау алады? Оны қазіргі жасөспірімнің бойына қалай сіңіре аламыз? Міне, бүгін мен екінші сұраққа жауап беремін.

Домбыра. Күй, ән, жыр, терме. Ең құрығанда, осылардың бірі бойында бар адам рухани биік, рухани бай. Домбыраны жанына серік еткен жандар болса, менінмен толықтай келіседі деген ойдамын.

Менің осы жаздағы үшінші мақсатым да осы орайда болмақ: аптасына бір термеден үйреніп, қыркүйекке дейін қоржыныма жаңа бес терме қосамын. Алдарыңзға жаңадан үйренген "Тасбергеннің маңырамасын" ұсынып отырмын. Негізі термені әбден тыңдап, оны бойға сіңіріп тұрып үйрену керек. Мен небәрі 3 күннің ішіндегі нәтижемді көрсетіп отырмын. Жырдан хабары бар кісілерге кешіріммен қарайсыздар деп ойлаймын.

Мақсатымызға жету жолында көптеген қиындықтарға мойымай, алға қарай ұмтылудамыз.Домбырамның тиегі дұрыс болмай, қолдан тиек жасауға мәжбүр болдым. Алғаш жасап тұғандықтан көп қиналдым, ағашты дұрыс кесе алмай))) Тиектің түрі келіспегенімен, домбыра келісті.

Табиғат ана сыйлаған тума талант, кәдімгідей көмекейінен мың бұралтып сазды әуен төгіп өткен, ешкімге ұқсамайтын мақамы бар әйгілі жыраудың бірі – Тасберген Құлманұлы 1870 жылы дүниеге келген. Оның әкесі Құлман да халыққа ғибрат , өнеге білдіріп, адамгершілікті, әділдікті үндейтін ұзақ дастан, толғауларды іркілмей толқындата төгетін, үлпілдек желдей жағымды әуезді термеші болған. Тасберген «Аман-Шолпан», «Жүсіп-Зылиқа», «Шәкір-Шәкірат», «Көроғлы», «Һақ-Сүлеймен», «Мағауия», «Үш күлше», «Сұрмерген» дастандарын жатқа орындаған. «Тасбергеннің маңырамасы» деген мақам бар. Ол мақаммен айта алатындар ілеуде біреу.

Қалай екен? Өз пікірлеріңізді қалдырыңыздар!