Өз отыңды өшірме! (Байқау)
жеке
блог

Өз отыңды өшірме! (Байқау)

            Сәлем Массагеттіктер!

           «Өз отыңды өшірме» - жазушы Оралхан Бөкейдің роман жанрындағы тұңғыш шығармасы. Автор бұл кітабында қазақ даласында Кеңес өкіметін түпкілікті орнату мен Түркістан – Сібір магистралын салудағы қарапайым еңбек адамдарының жанқиярлық ерлігін баяндайды. Романның оқиғасы қызықты, тілі көркем.

рррраарп

           Жалпы, оқыған тараудан түсінгенім, Гүлия және Дүрия деген қыздары, Еркін атты білімқұмар ұлы бар Омар деген сараң байдың озбырлығы, қарапайым халықты қанауы.Содан соң  бай-шонжарлардың мал-мүлкі тәркіленуге бұйрық түскенде, Омардың қатты қиналуы. Соны оқып отырып жердің дөңгелек екендігі, бай боп жүріп те кедейге айналып кетудің оңай екенін түсіндім. Қандай жағдайда өмір сүріп жатсақ та шүкіршілік етуді ұмытпайық!

ориг

 

       Кітап оқимын деп екінші мақсатым – оригамиді де қалыс қалдырып жатқан жоқпын. Десе де, мен оның модульді түрін таңдағандықтан маған оңайға түсіп жатқан жоқ. Әсіресе, уақытты көп қажет етеді. Дегенмен, қолдан келгенін жасап жатырмын. Өткенде аққу жасайтынымды айтқанмын. Енді сол аққуымды безендіру үшін қызыл түсті де қосып жатырмын.

jjj

            Бірінші рет жасап жатсамда керемет аққу шығарына сенемін. Меніңше, жақсы шығып жатқан сияқты. Сізге ше?