Мақсатқа жету үшін талпынып келемін (байқау)

    Сәлеметсіздер ме? Менің массагеттегі достарым! Алдыңғы аптада өз мақсаттарым туралы толыққанды жаза алмадым. ( Уақыттың тығыз болуына байланысты) Енді мен сіздерге өз мақсаттарымың қалай орындалып жатқанын көрсеткім келеді. Менің алғашқы мақсатым ағылшын тілін үйрену. Алдыңғы блогымда мақсатымның шындыққа айналғанын айтқан болатынмын. Енді міне нәтижелерін көрелік.

     

Бұл дәптерге жазып жүргенім. Барлық бетті түсіру әрине мүмкін емес. Сондықтанда қысқша ұсынып отырмын. 

Мен ағылшынша өлеңдерді жақсы көремін. Менің сүйікті әншім - ARIANA GRANDE. Өлеңдерді қағазға жазып алғанды ұнатамын. Өзіме ұнаса дереу жазып аламын. 

Бұл менің қобдишам. Мұның ішінде ағылшын тілінде көп қолданылатын 1000 сөз бар.  Одан әрі жалғастыру ойымда бар. Карточканың артында әрбір сөздің мағынасы жазылған. 

 

      Мен Массагет байқауындағы қатысушылардың қол өнерлерін тамашалап келемін. Мен тіпті көріп кейде таңғаламын. Осылай да істеуге болады екен ғой деген ойларда туады. Бірі аспаздық өнерлерін, бірі спорт, бірі қолөнер көрсетіп жатады. Мен де өз ісімді көрсеткім келді. Шынымды айтсам, мен аспаздық өнерге жақын емеспін. Торт немесе түрлі тәттілер жасау мені қызықтырған емес. Мен сүйікті ісім- тоқыма тоқу және бисер бұйымдарын жасау. 

Бұл бұйымның үстіне бисер жапсырылған. Егерде мұқият қарап ортықтырмасаң қисық болып шығады. Ал менікі қисық болып шыққан жоқ. Әдемі болған секілді. 

Бұл көбелек және жүрек пішінді ине қыстырғыш.

Бұл әйелдерге арналған қалпақ. Мұны мен тек қалай шығады екен деп тоқып көрген болатынмын. Менің ойымдағыдай шықты. Өзіме узорлары қатты ұнады. 1 күнде тоқып бітірдім. Енді ақ жіпке заказ бергелі жатырмын. Ақ жіппен тоқылса әдемі шығатынына сенемін. Гүлі спираль гүл деп аталады.

Мұны мен сіңліме арнап қыста тоқып берген болатынмын. Туған күніне тарту еттім. Өзіне керемет жарасып тұр.

Бұл кішкентай балаларға арналған. Мен мұны 1 жастағы ініме сыйға тарттым. Және неше түрлі түстерден біразын тоқыдым оларды да кішкентай сәбилерге бердім. 

Бірде менің әкем былай деген болатын. Мен қыста осылай бисер тоқып отырғанымда қасыма келіп: Осы іс саған ұнайма, әлде мектептегі ұстаздарыңның тапсырмасы бойынша істеп жүрмісің деп сұраған болатын. Сонда әкеме: Маған мұндай іспен айналысқан өте ұнайды. Мені ешкімде қинамайды. Мен бұл істен ләззәт аламын. Мұндай іс адамды сабырлылыққа шыдамдылыққа шақырады,-деген болатынмын.

Сондықтанда қандай іспен айналыссаңызда оны шын көңіліңізбен, шын ықыласыңызбен істеңіз! Сонда ғана жұмысыңыз сәтті аяқталады))



Бөлісу: