Тәтті торттан дәм татыңыз!!!(байқау)

Тәтті торттан дәм татыңыз!!!(байқау)
жеке
блог

Сәлем, достар!!! Менің тағы орындалған  мақсаттарымның бірі - Шоколадты торт жасап үйрену. Бұл тағамды мен Вконтакте желісіндегі "Асхана" тобынан үйрендім.Өте дәмді) Сізде жасап көріңіз. Өте оңай әрі дәмді.

Шоколадты торт! 

Құрамы:
•Жұмыртқа 7 шт
•Қант 1ст
•Айран 2 ст
•сода 0,5 қасық
•разрыхлитель 0,5 қасық
•какао 4 қасық
•Ұн 3 ст

Кремі үшін:
•Қаймақ
•Сгущенка
•Какао

Шоколадты глазурь үшін:
•Су 4 ас қасық
•Қант 0,5 ст
•Какао 3 қасық
•маргарин 50 гр

Жасалу жолы:
1) жұмыртқалардың ағын сарысынан бөлеміз
2) Ағына сода қосып қою көбік болғанша одан кейін қанттың жартысын салып миксермен араластырамыз
3) Сарысына қалған қантты қосып ағарғанша араластырамыз
4) Екі бөлігін бірге қосып араластырамыз
5) Үстіне айран қосамыз
6) Ұн, разрыхлитель, какаоны бөлек ыдысқа араластырып аламыз да елегіштен өткізіп саламыз
7) Барлығын қасықпен жақсылап араластырамыз
8) Пешті қыздырып қоямыз
9) Табаға пергамент қағаз төсеп қамырды бірқалыпты жаямыз
10) Үш бөлікке бөліп пісіреміз. 150 гр 20-25мин.

Кремге сгущенка, қаймақ, какао салып миксерлейіз. 
Піскен бисвиттерді суытып арасына, жан жағына крем жағып шығамыз. 
Бетіне глазурьді дайындау үшін су, қант, какао, маргаринді өте жай отқа 5-7 мин араластырып тұрамыз. Дайын болған соң торттың беіне құямыз.

Бетін өз қалауыңызша сәндеуге болады. Мен бананды жіңішке етіп турап қойып шықтым. Торт дайын! Ас болсын!рецепт