Жас журналисттер ұйымына ...
жеке
блог

Жас журналисттер ұйымына ...

Құрметті менің Массагеттік достарым қалайсыңдар?! Мен осы апта бойы денсаулығыма байланысты блог жаза алмадым. Десе де мақсаттарыма жетуді тоқтатпадым. Кітабымды толықтай оқып бітірдым. Яғни менің бұл аптадағы азығым Александр Гриннің "Алқызыл желкендері". Бұл кітап армандауға үйретеді. Автор бұл шығармада адамдық бақыттың теңдесі жоқ романтикалық әлемін жасайды. Роман-махаббат жайында болғандықтан ба тез оқып соңына жетуге асықтым. Ассольдің алқызыл желкендер туралы естіген ертегісі шындыққа айналады. Сол арқылы егер адам арманшыл болса, шын бақытқа ұмтылғысы келсе, ол жолда өзіне сенімді рухты болса -түбі соған жетеріне сендіреді. Мен секілді қияли аруды бұл туынды одан әрі ғажайыпқа сенуге шақырды. Сіздерде оқыңыздар. Сіздерді де ғажайыпқа сенуге шақырамын.

Келесі мақсаттарымның бірі журналистикаға бір қадам болатын. Оғанда ақырындап адымдап келемін оған дәлел Атырау қаласындағы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті жанындағы жас журналисттер ұйымына мүше болғандығым.

Мені құттықтап қойыңыздар...