Ақ бата (байқау)
жеке
блог

Ақ бата (байқау)

Сәлем, MASSAGET.KZ оқырмандары! "Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер"-, деп халық даналығында тектен тек айтылмаған. 

Бата беру-адал ниет, жақсы тілек білдірудің дәстүрі.Дастархан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуанышты кезінде қол жайып, бата береді.Сондай-ақ алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілеп бата береді.Бата беретіндер, көбіне көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді.Бата қысылғанда- қуат, қиналғанда-медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген.

Қазіргі таңда қарияларымыздың бата беруі сиреп кетті, аталарымыздан бата сұрасан тілек айтып кететіні бар.Сол үшінде мен батаның тереңіне үңіліп, сіздермен бөліспекшімін.Батаның көптеген түрлері бар тұсаукесер, бесікке салу, қыз ұзатуға, дастарханға бата т.б. түрлері бар.

ДАСТАРХАН БАТАСЫ.

Дастархан батасын бата беруші өзінің дастарханға деген ризашылығын, асқа деген тілегін жаудырады.

Мысалға, Бата бердім, бақ тіледім,

Ақ дастархан басына,

Я, Құдайым, шын тіледім,

Келсін деп менің қасыма!

Көңілің көлдей болып,

Көргенің түстей болып,

Қыдыр қонсын басыңа!

Әумин.

ҚЫЗ ҰЗАТУ БАТАСЫ.

Қыз ұзату батасында қыздың әкесі қызына өсиетін айтып үлкенді сыйлауды, құрметтеу туралы айтылады.

Мысалға,Еліңе елеулі бол,

Халқыңа қалаулы бол,

Ата-енеңе жағымды бол,

Ауылаңа айбарлы бол,

Күйеуіңе жайдарлы бол.

Әумин.

БЕСІККЕ САЛУ БАТАСЫ.

Бесікке ақ жаулықты әжелер бесікке салып, талапты, арлы, білімді, білікті болсын деген бата, тілегін айтады.

Мысалға,Алас-алас, от алас,

Ақ бесікке сәуле шаш.

Жайлы болсын төсегі,

Пәле-жала аулақ қаш.

 

Аяғыңды созайын,

Саусағыңды жазайын.

Етті болсын балтырың, 

Епті боп өс, жарқыным.

ТҰСАУКЕСЕР БАТАСЫ.

Тұсаукесер батасында аузы дуалы, көрегенді адамдарға тұсауын кестіріп, ақ жол тілеп, дарынды болсын деген тілектер айтылады. Мысалға,Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Көп елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Әумин.

Оқырман, бата берер қарияларымыз көп болсын, Бата сұрар жастарымыз көп болсын! Сөз соның өзімнің өлеңіммен аяқтағым келеді!

Қабыл болсын баталар!

Бата берді жамағатқа аталар,

Қабыл болсын бізге берер баталар.

Ниеттеніп, адалдықпен тілесен,

Қабыл болар ақ тілекті баталар!

 

Бата алсан аталардан, үлкеннен,

Бата сұрау қазіргіде сиреген.

Жамандықтан, арамдықтан жиреніп,

Бата жатта керегінше білгеннен!