Аптаның жеңімпазына сыйлық беріледі

Аптаның жеңімпазына сыйлық беріледі
жеке
блог

"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауының үшінші аптасы басталды. Мақсатына жету жолында еңбек етіп жатқан қатысушыларға сәттілік тілеймін!

Жақсы жаңалығымыз бар. Ұжыммен ақылдаса келе әр аптаның жеңімпазына сыйлық табыстап отыруды шештік. Бұдан былай аптаның үздігіне сайт ұжымы атынан арнайы футболка табыстаймыз.

Өздеріңіз байқағандай, енді әр аптаның рейтингті жасалады. Мұнда бұған дейінгі жинаған ұпайларыңыз есепке алынбайды. Сондықтан, сайттың сыйлығына ие болуға мүмкіндіктеріңіз бар. Бар күш-жігерді салып, еңбек етіңіздер. Іске сәт!