Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте! (Байқау)

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте! (Байқау)
жеке
блог

Сәлем массагеттің барша оқырмандары! Мен өзімнің осы блогымда алға қойған мақсатымның бірі араб және кәріс тілдері туралы айтамын. 

Корей тілі - Азияның ежелгі тілдеріне жататын оқшауланған тіл. Корея Қытаймен көршілес орналасқандықтан осы елмен байланыс жасайтын болған, өз жазулары болмағандықтан корейліктер мың жылдан астам уақыт қытай тілінде сөйлеп келген. Қазіргі корей тілінің негізін салушы Джу Си Гень (1876-1914жж.) болып табылады. Ол өзінің қысқа өмірін корей ұлттық тілінің бекітілуіне арнаған болатын. Корей тілінің бірегей фонотекисы, түсінікті граматтикасы мен бай лексикасы бар. Корей жазуы әріптік- буындық солдан оңға қарай жазылады. Әліпбиі 14 дауыссыз, 10 дауысты әріптен тұрады. 

Мен қазір корей әліпбиін меңгердім, енді сөздік қорымды жетілдіріп жатырмын.

Араб тілі - семит тілдері тобының ( эфиоп,иврит,аккад,арамей) ең бай тармағы болумен қатар, әлемдегі негізгі тілдердің біріне айналды. Қазір бұл тілде 150 миллионнан астам адам сөйлейді. Араб тілі орта ғасырларда Үндістан мен Атлант мұхиты аралығында өмір сүрген халықтар арасында кең қанат жайған. Өйткені VII ғасырдың ортасынан бастап ислам дінінің тарауына байланысты араб тілінің рөлі де бірте-бірте күшейе түсті. 

Ғылым мен техниканың дамуына байланысты соңғы жылдары араб тілінің сөздік қорына европа тілдерінен, әсіресе, ағылшын тілінен жаңа сөздер кіруде. Мысалы, "филм"-фильм, "фулклур"-фолклор, "фитамин"-витамин. Араб тілінде 34 дыбыс бар. Олардың 28 дауыссыз, 6 дауысты дыбыс. Араб тілінде сөздің дыбыстық жағы мен әріптік құрамының арасында едәуір айырмашылық бар. Мәселен, қысқа дауыстылар жазуда белгіленбейді, артикль көршілес дыбыстың ықпалымен өзгеріп отырады және т.б.

Араб әліпбиін толық жаттап үлгерген жоқпын. Себебі, әріптері күрделі, бірақ келесі блогыма дейін әріптерін жатқа айтатын боламын.