Менің пиццамның тарихы (байқау)

Менің пиццамның тарихы (байқау)
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме, құрметті Массагет оқырмандары! Мен бүгін мақсатымның алғашқы қадамын жасап отырмын. Алдыңғы блогымда айтып өткендей мен алдыма осы екі айдың ішінде жеті тағам әзірлеу керекпін. Міне бүгін соның алғашқысын бастадым.

Мен бүгін көпшіліктің сүйіп жейтін тағамы пицца әзірледім.

Пиццаның тарихына тоқтала кетсек: Пиццаның алғашқы нұсқалары көне гректер мен римдіктерде болған. Ол кейбір астардың нан үзінділеріне салынған күйінде дастарханға қойылған. Қызанақтардың Еуропаға әкелінуімен байланысты 1522 жылы Неапольде италиялық пицца үлгісі қалыптасты. Он жетінші ғасырда пицца әзірлейтін адам пиццайоло пайда болды.

Ал енді өзім дайындаған пиццаның рецптісімен таныстырып өтсем:

• 1 стакан ұн

• 2 шай қасық ас содасы

• 1 стакан ыстық су

• жарты шай қасық тұз

•жарты ас қасық сұйық май

Әсемдеуіне:

• мойенез

• кетчуп

• сыр

• шұжық

• қызанақ 2 шт

• қияр 2 шт

Дайындалуы:

Қамырын дайындау үшін 1 стакан суға 2 ас қасық сода мен 2 ас қасық ұнда араластырып 20 минутқа қойып қоямыз. 20 минуттан кейін 1 стакан ұн мен тұзды араластырып, дайын тұрған ашытқыға саламыз және сұйық майды құйып қамырда илейміз де, оны екі сағатқа бетін жауып қоямыз. 2 сағаттан кейін көтерілген қамырды жұқалау қылып жаямыз, одан кейін табаға аздап май жағым, қамырда саламыз.Одан бұрын қызанақ, қияр, шұжығымызды турап дайындап аламыз. Барлығын қамырдың бетіне әдемілеп орналастырып, бетіне сырды үккіштен өткіземіз. Болған соң бетіне кетчуп пен мойенезді жағып, пешке 25 минутқа 250 градусқа қоямыз.

                                                                       ♥♥♥♥

Астарыңыз дәмді болсын!!!