Менің үшінші блогым
жеке
блог

Менің үшінші блогым

Маған үшінші блогымды жазу қиын болуы мен кешігуі – менің өзім бастаған мақсаттарды аяқтай алмауымнан еді. Мен Корей тілі мен Араб тілінің бұл аптада әріптерін толық бітіріп, жаттап та бітпедім. Бұл екеуі қазақ, ағылшын жазуынан өзгеше болғандықтан, қиын болды.

Мен корей тілі жайлы жазбақпын. Корей тілі - Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның ана тілі. Әлемде бұл тілде 70 биллионнан көп адамдар сөйлеседі. Ол Орталық Азиядағы танымал тіл. Корей тілі өзгеріске ұшыраған және дәл осы кезде бір сөзді –екі үш түрлі айтылады. Мен «Рахмет» деген сөзді түсіндірсем, ол былай болады. Үлкен кісілермен сөйлескенде оларды сыйлап «Камсахамнида» дейді. Танымайтын адамдармен кездескенде әдептілікпен «Комапсымнида» дейді. Достарыңмен сөйлескенде жай «Комао» дейді. Бұл Хангул формасын 600 жыл қолдануда. 24 әріпі бар. 10 дауысты әріп, қалғаны дауыссыз. Бұл тілдің жазуы қызық. Үйренгенімді алда жазамын.

Менің осы аптада оқып біткенім Генри Хаггардтың «Сүлеймен Патшаның кеніші» деген кітабы. Кітап өте қызық. Өмірде жоқ нәрселерді жазса да өте қызық. Мұны барлық балалар оқуы керек. Мен kitap.kz сайтты пайдаландым. Мұны жазған Аллен Куатермен есімді ағылшын жихангез аңшы. Ол басынан өткендерді жазды. Ол Африкада піл аулады және алтын іздеді. Ол достарымен бір аңыз естиді. Сүлеймен патшаның тығып қойған алтындары туралы. Қасына 5 досын ертіп, қазына іздеуге шығады. Оларға 500 жастағы мыстан кемпір қарсы шығады. Бұл өте қызық кітап. Барлық балалар қазына іздеушілерді жақсы көреді. Аллен Куатермен өте ақылды адам. Ең соңында олар алтын тастар тауып, Енгландтағы бай адамдар боп мақсат-мұратына жетеді.