Мақсаттардың толық орындалатын күннің ауылы алыс емес екеніне сенімім мол...! (байқау)

Мақсаттардың толық орындалатын күннің ауылы алыс емес екеніне сенімім мол...! (байқау)
жеке
блог

 ҰБТ... Ұлы бір күндік төңкеріліс... Барлығымыздың ойлайтынымыз осы... Бұл төңкеріліске үш айда неғұрлым көп сұрақтың шешіміне жауап тауып, жаттасаң ,соғұрлым өзіңе оңай болады дейді. Сонымен, осылайша үйренуге бел будым...  Мақсат тұттым.

         Қазақ тілі пәнінен аса дайындыққа мұқтаж емеспін, әкем тіл маманы болғандықтан ба тіл әдебиетті жақсы меңгергенмін, білмегенімді сұрап , көп мағлұмат аламын.

        Ал, қазақстанның тарихына тірелсек, оқу керек, жаттау керек, білу керек. Тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев есімді оқытушымыздың ұлттық біріңғай тестке арналған тест жинағын жаттауды алдыма қойдым, жаттап жатырмын. Нәтиже төңкерілісте өз септігін тигізеді деген ойдамын. Әрине ,тек бұнымен ғана шектеліп қойғам жоқ.

2015  тест кітапшаларынан тест орындап ,бағымды сынап көріп жатырмын.  Алғашында 16-17–сін дұрыс белгіледім. Бірақ көңілімді түсірмедім. Тарих деген бір терең құдық іспеттес. Ішіне түссең, тіпті щыға алмайсың, білуің керек нәрсе көп. Сондықтан іске дер кезінде кірісу қажет...

ҰБТ-дан бөлек , көптеген мақсаттарым бар. Мен дубляжерларға қатты қызығамын. Керемет өнер ғой. Осы жақында «Күлшеқыз» ертегісіндегі Күлшеқыздың дауысын дыбыстаған Шехназа Қызыханова есімді дубляжшымен сұхбаттасқан болатынмын. Ол сұхбатым «Ұлан» газетінде жарық көрді. Дауысы өте жағымды, тыңдай бергің келеді. Сол секілді дубляж жасап көру - мақсатым еді. Бауырым Аружанмен бірге жасап көргенмін. Ұсынамын! Тыңдап көріңіздер!

P.S. Армандар орындалады! Әрбір жеткен жетістігім үшін Аллаға шүкіршілік етемін!